Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Әртүрлі тістем түрлерінде жасанды тістерді орналастыру



бет24/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
вопросы ООС 2 курс каз

Әртүрлі тістем түрлерінде жасанды тістерді орналастыру.

ТІССІЗ ЖАҚТЫҢ ПРОГНАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНДА ТІСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ.
Прогнатиялық тістем жағдайында жасанды тістердің орналасуының кейбір ерекшеліктері бар-төменгі тіс доғасының ұзындығы 2 премолярға қысқарады.Яғни әр жақтан бірінші премолярларды қоймайды. Қалған тістерде, тістерді қою әдеттегі ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Алдыңғы бөлімде жасанды қызыл иегі бар протездер жоғарғы ерінді қалыңдатады, бұл эстетикалық жағынан әдемі емес. Эстетикалық және функционалдық нормаларды максималды қалпына келтіру үшін жоғарғы фронтальды тістер ағынға (на приточке) (когда искусственные зубы притачиваются непосредственно к беззубому альвеолярному отростку) қойылады және альвеолярлық өсіндінің ортасынан оральды бағытта ығысқады, ал төменгі тістер вестибулярлы бағытта ығысып орнатылады. Бұл жағдайда тіссіз жоғарғы жақтағы протездің функционалды сорғыштығы(присасываемость) бұзылады, өйткені алдыңғы бөлімдегі жабу клапаны(замыкающий клапан) бұзылады.
Бұл кемшілікті жою үшін альвеолярлы өсіндінің негізінде алдыңғы бөлімде протезді механикалық бекітуге көмектесетін альвеолярлы кламмерлер немесе серіппелі пелоттар модельденеді.
ТІССІЗ ЖАҚТАРДЫҢ ПРОГЕНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНДА ЖАСАНДЫ ТІСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ.
Тіссіз жақтардың прогеникалық қатынасында тіс доғалары мен тістердің орнатылуы 2 нұсқада болуы мүмкін:
біріншісі - тіс доғалары тік немесе прогеникалық тістемді жасау арқылы жасалады, екіншісі — тіс доғалары ортогнатикалық тістемді жасау үшін орнатылады.
Бірінші нұсқада альвеолярлы өсіндінің жотасына қатысты жасанды тістер жоғарыда сипатталған ережелерге сәйкес орналастырылады. Екінші нұсқада олар осы ережелерден шегінеді: жасанды тістер, негізінен 6 алдыңғы тістер және екінші азу тістер альвеолярлық өсіндінің жотасының ортасынан вестибулярлы түрде орналасады.
ТІСТЕРДІ ТІССІЗ ЖАҚТАРДЫҢ ТІК ЖӘНЕ КАЙШЫ ҚАТЫНАСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ.
Ортогнатикалық тістем арқылы тіс қатарларын жобалау кезінде жоғарғы тіс доғасын біршама кеңейту керек (қолайлы анатомиялық жағдайлар болған кезде), төменгі фронтальды тістердің еріндік бетін тегістеп, үстіңгі тістер минимальды түрде жабып тұруы үшін және төменгі молярлардың ұрт төмпешіктері арасындағы ойықтарды кеңейтеміз. Альвеолярлы өсіндінің айқас қатынасы жағдайында, бір жағында жоғарғы жақтың жартысынан, екінші жағында төменгі жақтың жартысынан немесе керісінше шығыңқы болған кезде, жасанды тістердің аралас орналасуын қолданып, оларды әртүрлі окклюзияға орнату керек. Бұл жағдайда әр түр үшін жеке сипатталған ережелерді басшылыққа алуыңыз керек, төменгі жақтың кез-келген қозғалысы кезінде көптеген байланыстар жасауға ұмтылуыңыз керек.



  1. Алмалы пластиналы протезді жөндеу.


  1. Пластмассаны полимерлеу кезеңінде болатын қателіктер, оларды алдын алу.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет