ТҮйіндеме асымова дария болатқызы



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі268,93 Kb.
#1717

ТҮЙІНДЕМЕ 

 

АСЫМОВА ДАРИЯ БОЛАТҚЫЗЫ 

 

ХХғ. 20-30 жж. Алматы қаласының күнделікті өмірінің кинофотофоно 

құжаттарындағы көрінісі 

6D020300 – тарих 

 

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.  

Күнделікті  өмірді  қазіргі  мәдениеттің  құндылығы  тұрғысынан  қайта 

қарау  мен  оны  зерттеу  қажеттілігі  күннен  күнге  арта  түсуде.  Өйткені  бұл 

ғылым  мен  мәдениеттің  біртұтастығын  танытатын  әлеуметтік  көрсеткіш 

болып  табылады.  Осыған  орай  зерттеу  барысында  ХХ  ғасыр  басындағы 

әлемдік мәдениеттің дамуы мен үрдісіне, ұлттық рухани байлықтыңқорлануы 

мен  бір  орталықта  шоғырлануына  өзіндік  үлес  қосқан  қала,  ел  астанасы  – 

Алматы және оның күнделікті тіршілігі зерделенді. 

Алматы  қаласының  күнделікті  тарихын  зерттеу,  әсіресе  оны 

кинофотофоно  құжаттар  негізінде  қарастыру  бүгінгі  таңдағы  өзекті  тарихи 

тақырып  болып  табылатыны  анық.  Бұл  біздің  диссертациялық  зерттеу 

тақырыбымызды  «ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  Алматы  қаласының 

күнделікті  өмірінің  кинофотофоно  құжаттарындағы  көрінісі»  деп 

таңдауымызға  себепші  болды.  Осы  зерттеуде  еліміздің  өмірінде  айрықша 

орын  алатын  Алматыдай  аса  ірі  мегаполистің  күнделікті  өмір  тарихын 

микротарихтық зерттеу арқылы  Қазақстан Республикасының дамуын талдау 

алғаш  рет  қолға  алынып  отыр.  Зерттеуде  өткенімізді  мегаполистің  даму 

жолымен  байланыстыра  және  біртұтастықта  қарастыра  отырып,  қаланың 

қарапайым  тұрғындарының  күнделікті  өмір-тіршілігін  жаңа  сапаға 

көтерудіңжәне  қазіргі  әлемдік  деңгейге  қадам  басуда  тарихтың  сабағын 

қаперде ұстаудың маңыздылығын көрсетуге ұмтылдық. 

Диссертациялық зерттеудің мақсаты жəне міндеттері.  

ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  Алматы  қаласының  күнделікті 

өмірінің ерекшеліктері мен басты өзгерістерін кинофотофоно құжаттары мен 

материалдарды  дереккөзі  ретінде  кеңінен  ғылыми  айналымға  тарта  отырып 

зерттеу, оны объективті түрде ашып көрсету диссертацияда басты  мақсаты 

етіліп қойылды. Осыған орай мынадай міндеттерді шешу назарға алынды: 

-

 

Отандық тарих ғылымында соңғы жылдары басымдылық сипатқа ие 



болып келе жатқан күнделікті өмір тарихының мәні мен маңызын көрсету; 

-

 



күнделікті  өмір  тарихы  және  оны  зерттеудегі  аудиовизуалды 

құжаттардың орны мен маңыздылығын анықтау

-

 

тарихи  кезең  мен  адамзат  және  қоршаған,  өмір  сүрген  ортаның 



арасындағы микробайланысын, оның ішінде Алматы қаласы күнделікті өмір 

тарихын микротарих негізінде зерттеу; 

-

 

кинофотофоно құжаттары мен материалдарды дерек ретінде кеңінен 



ғылыми  айналымға  енгізе  отырып,  Алматы  қаласының  инфрақұрылымы, 

сыртқы бейнесі мен абаттандырылуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау



-

 

Алматы 



қаласының 

әлеуметтік-демографиялық 

ахуалын  

аудиовизуалды құжаттар бойынша талдау; 

-

 

қарастырылып  отырған  мерзім  шеңбері  аралығындағы  Алматы 



қаласындағы  денсаулық  сақтау  саласының  жағдайы  және  халыққа 

медициналық  қызмет көрсету сапасын көрсету;   

-

 

отбасылық  бюджеттің  баптарына  сараптама  жасай  отырып,  қала 



тұрғындарының тұтыну құрылымын, кіріс және шығыс деңгейін нақтылау

Алматы қаласының мәдени-рухани өміріндегі өзгерістерді кинофотофоно 

құжаттары негізінде сараптау. 

Зерттеу  жұмысының  нысаны  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы 

Алматы қаласының тұрғындары. 



  Зерттеу  жұмысының  пəні  ретінде  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы 

Алматы  қаласы  тұрғындарының  күнделікті  өмірінің  кинофотофоно 

құжаттарындағы көрінісі. 

Диссертациялық зерттеудің мəнісі. Алматы қаласының ХХ ғасырдың 20-30 

жылдарындағы күнделікті өмірін кинофотофоно құжаттары негізінде зерттеу. 



Зерттеу  жұмысының  теориялық-əдіснамалық  негіздері.  Тақырып 

мазмұнын  ғылыми  тұрғыда  ашып  көрсетуде  қаланың  күнделікті  өмір 

тарихының  теориялық  мәселелерін  қарастырған  еңбектер  басшылыққа 

алынды. Алматы қаласының көрсетілген кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени,  сәулеттік  даму  бағыттарының  үрдістерін  айқындауда  ғылымның 

тарихилық,  шынайылылық  тәрізді  жалпы  әдіснамалық  қағидалары 

пайдаланылды.  Зерттеуде  ғылыми  айналымға  түскен  деректерді  талдауда 

жүйелеу,  салыстыру,  қорыту,  т.б.  әдістер  кеңінен  қолданылды. 

Диссертациялық  жұмыс  тарих  ғылымындағы  зерттеудің  диалектикалық-

материалистік,  жүйелілік-құрылымдық,  салыстырмалы-тарихи,  сабақтастық, 

теория мен тәжірибенің  бірлігі, тәрбиелілік талаптарына сәйкес жүргізілді. 

Зерттеу  жұмысының  әдіснамасы  негізіне  мәселені  өркениеттілік 

құндылықтар  тұрғысынан  пайымдау  алынды.  Сондай-ақ  зерттеудің 

статистикалық  және  математикалық-статистикалық  әдістері  де  кеңінен 

қолданылды.  

Зерттеудің жаңалығы.  

Зерттеуде    алынған  ғылыми  жаңалықтарды  мына  төмендегідей  етіп 

топтауға болады: 

-

 



ХХ  ғасырдың  1920-30  жж.  Алматы  қаласының  күнделікті  тарихына 

қатысты  тың  аудиовизуалды  мұрағат  құжаттары  талданып,  статистикалық, 

мерзімді басылым материалдары тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілді

-

 



Сонымен  қатар,  зерттеліп  отырған  тақырыпқа  тікелей,  жанама  және 

қосымша  қатысты  отандық,  ресейлік  және  шетелдік  әдебиеттерге 

тарихнамалық талдау жасау барысында, зерттеу нысанына айналып отырған 

тақырыптың отандық тарихнамада алғаш рет қарастырылып отырылғандығы 

дәйектелді; 

-

 



Алматы  қаласының  қалыптасу  және  даму  тарихы,  маңызы  және 

болашағы  алғаш  рет  күнделікті  тарих  аясында  дербес  мәселе  ретінде 

көтеріліп, ғылыми тұрғыда қарастырылды


-

 

Қала  мен  қала  маңының  сол  жылдардағы  әлеуметтік-экономикалық 



дамуы тың кинофотофоно деректері негізінде тарихилық қағидасы бойынша 

зерттелді; 

-

 

Алматы халықының жалпы құрылымын, азық-түлік және азық-түлік 



емес  тауарларды  тұтыну  қоржыны,  отбасылық  бюджет,  еңбекақы  деңгейін, 

медициналық  қызмет  көрсету  саласының  дамуы  мен  сапасын,  алғашқы 

бұқаралық  мәдени  орталықтардың  ашылуы  да  кинофотофоно  құжаттары 

арқылы сипатталды:  

-

 

Қалалық  дамудың  этнодемографиялық  ерекшеліктері  ағымдағы 



мұрағат  және  статистикалық  мәліметтердің  көмегімен  айқындалды  және 

олардың  әлеуметтік-экономикалық  үдеріске  ықпалы  салыстырмалы 

талдаулар негізінде баяндалды. 

Зерттеудің нəтижелерін мақұлдау. Диссертацияның  негізгінәтижелері мен 

қорытындылары  Абай    атыңдағы  ҚазҰПУ  Қазақстан  тарихы  мен  мәдениеті 

кафедрасының  отырысында  2013  жылы  талқыланды.  Негізгі  ережелері 

менқорытындылары  ғылыми  еңбектерде,  оқу  үрдісінде  көрініске  ие  болды, 

алнегізгі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар Абай  атындағыҚазҰПУ, 

Қазақстан  Республикасындағы  және  шет  елдеріндегі  басқа  ЖОО-ңғылыми 

конференцияларында 

талқыланды.Диссертация 

тақырыбы 

бойынша 


жазылған  еңбектер:  1  мақала  Scopusбазасына  кіретін  журналында,  1  мақала 

Thomson  Reuters  базасына  кіретін  журналда,  3мақала  Білім  және  ғылым 

саласындағы білімкомитеті ұсынған журналдарда жарыққа шықты, 11 мақала 

ғылыми-тәжірибелік  конференциялардың  материалдарында,  оның  ішінде2 

мақалашетелдердің конференция материалдарында жарияланды. 

Диссертацияның құрылымы жəне көлемі. Диссертация анықтамалар мен 

қысқартулар,  кіріспеден,  негізгі  бөлімнен,  қорытынды,  пайдаланылған 

әдебиеттер мен деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Диссертацияның 

жалпы көлемі 173 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет