Бал арасының иіс сезу мүшесі Араның иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Олардың иіс сезу мүшелері мұртшаларында орналасқан. Аралар иісті адамнан 1 000 есе артық сезеді және де 1 км қашықтықта сезе алады:
Бал арасынан алынатын өнімдер Бал, прополис, аналық сүт, араның уы, тозаң гүлі.
Ара балының бөлінуі Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Гүлдейтін қаншама өсімдіктер болса, соншама балдың түрлері бар.
Түйебұршақ – ақ немесе янтарь түсті, шайқурай балы – мөлдір жасыл сары түсті, шабындық балы – сары немесе алтын түсті, таңқұрай балы – ақ түсті болады, қарақұмық балы – қою қызыл немесе қоңыр түсті жоғарғы сортты бал.
Ара балының құндылығы
. Ерте заманнан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан бал – табиғаттың қайталанбас сыйы. Ол ерте кезден-ақ көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): «Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же» деген екен кезінде.. Сөйтіп, бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған.
Ара балының құрамында шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотикті және басқа да заттар бар.
Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 килограммы 3 150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.