Араның ұясы Ара ұясын төртбұрышты үйшіктерде салады.
Араның ұя салуы Аралар өте еңбекқор және ақылды жәндіктер. Бақылап қарасам , бал арасы сан мың гүл түрлері қауашықтарына қонып, нәр жинайды. Ондаған шақырым жерге ұшып барып, компассыз-ақ ұясына қайта оралады
Ұя жасаған кезде қолданылатын тәсілдері де мені таңқалдырады. Еңбекші аралар ұяшықтарын жан-жақтан бастап ортада кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара жұмыспен тек қана жұмысшы аралар айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысытындары басқалар. Зер салып қарасақ, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін және әрбір қабырғасы мен бұрыштардың өлшемі бір бірімен керемет үйлесімдікпен дәл келетінін байқаймыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен өлшей отырып, әдейі орналастырғандай дәлдікпен жасалған.
Осы жерде «Ол неге үш, төрт, не болмаса, жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» деген сауал туындауы мүмкін. Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор-клеткаларын бір-бірімен үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете орналастыру ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін емес көрінеді. Қолыңа қалам алып, өзің-де жайлап сызып қарасаң, алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өінен сұранып тұрғанын байқайсың. Яғни, алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ине шаншар жер қалмайды екен.
Ғалым Ибн әл- Қайымның «Шипа» атты еңбегіңде дәлелдеуінше, осындай үлкен шеберлікпен салынатын ара «үйінің» тағы бір артықшылығыбар көрінеді. Атап айтқанда, бал арасын еш қуыс қалдырмастан толтыруға тек алты бұрышты ыдыс қана қолайлы. Үш,төрт бұрыштыға да бал құюға болады. Алайда оның бұрыштары аса кең болмағандықтан, бал оны толық толтыра алмайтынға ұқсайды
Омарташының киімі
. Ара секундына 200 рет қанатын қағады. Араның ызылдаған дыбысы шығу үшін ол минутына 1400 рет қанатын қағу керек.
Араның табиғаттағы маңызы
Гүлден- гүлге қонып жүретін кішкентай ғана араның табиғатта атқаратын маңызы зор. Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – ара. Олар жиналған әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады. Араларды жергілікті жердің экологиясын жақсартуға қолданады. Топырақтың құнарлығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсің ғой? Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану процессін жақсартады. Аралар ұшқан жерде өсімдік бітік және тығыз шығады. Әртүрлі дала өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін топырақ құрамына сіңіп, құнарлығын арттырады. Мұндай жерде шөп те, бау-бақша да, егін де бітік өседі