Балдың емдік қасиеті Балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында жергілікті дәрігермен әңгіме жүргіздім. Мынадай мағлұматтар алдым:
Бал бала ағзасын түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, қан құрамындағы гемоглабин процессін арттырады. Бірақ бал балалар мен ересек адамдарда әртүрлі аллергияның себебі болуы мүмкін
- Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда 2 стакан тұрып шырыны мен 1 стакан бал араластырып, 1-2 қасықтан сағат сайын қабылдаған жөн;
- Үккіштен өткізілген сәбізге бол қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады.
- Ыстық, суықтан тіс қақсағанда өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, сумен ауызды шайқайды
-
Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап шайып, артынан жараға бал жағады
Араның шағуы
Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.
Адамдарды өздерін ара уымен әр түрлі аурулардан емдеуді қолға алу тарихы бізді есте жоқ ескі замандарға жетелеп алып барады. Мәселен, Мысырда, Индияда, Қытайда, Грекияда апитерапия (ара уымен емделуді медицинада осылай атайды, араның уын «апитоксин» дейді) ежелгі дәуірлерде белгілі болған. Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Грозный өздерін араға талатып, подагра деген аурудан айыққан. Халықтық медицинада ара уымен емделу барынша қарапайым тәсілдермен жасалған. Ал, омарташылар арасында ревматизммен және подаграмен ауыратындар мүлдем дерлік кездеспейді екен.
Бал арасы уымен емделудің бірінші насихаттайтындар да осы омарташылар болған. Ресейде XIX ғасырдан бастап ара уымен емделу ісі дәрігерлердің назарын аударған. 1864 жылы Петербургтегі орман академиясының профессоры М.И. Любарский ревматизм, подагра, бастың сақинасы секілді көптеген сырқаттарды жазудағы ара уының рөлі туралы мақала жазған. 1988 жылы австриялық дәрігер Филипп Терч арамен шақтырғаннан кейін неврология, ревматизм сынды бірқатар кеселдерді жазып шығудағы оң нәтижелерді жариялады. Ал ара уының химиялық және фармакологиялық жағынан алғаш рет зерттеуді Прага университетінің профессоры Лапгер 1897 жылы қолға алды. Ол 1915 жылы бірінші рет ара уының перепаратын жасап шығарды. Ресейді бұл бастаманы дәрігер Л.В. Любарский жалғастырса, кеңес заманында М.Б. Кроль одан әрі дамытты.
Бірақ, араның уы емдік мақсатта талай ғасырдан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, ғылыми медицинада ол әлі күнге дейін өзінің лайықты орнын алып отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл араға шақтырудың адамға ауырлау тиетінімен де байланысты. Оның үстіне араның уын жұрттың бәрі бірдей көтере бермеуі де мүмкін. Тіпті ірі аналық аралар шақса, оның уы адамды өлтіріп жіберетін де жағдайлары ұшырасады. Бәлкім, осының бәрі жұртты сақтандырса керек.