Тұлға мәселесіне байланысты отандас және шетелдің көзқарастары


Карл Густав ЮНГ: Жеке адамның аналитикалық теориясы



бет4/15
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#21557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2-5 лекция

Карл Густав ЮНГ: Жеке адамның аналитикалық теориясы.

  • К. Юнг Фрейдтін алғашқы шәкірттерінің бірі болды. Олардың қарама- қарсы пікірлерінің ең басты себебі Фрейдтің пансексуализм идеясы болды. Бірақ Фрейдке қарсы материалистік емес, идеалистік бағытта шықты.
    сана жеке санадан тысқарылық және ұжымдық санадан тысқарылық жеке адам құрылымында анықтаушы рольді ұжымдық санадан тысқарылық ойнайды ұжымдық санадан тысқарылық жалпылай сипатқа ие. Ол жеке адамға әсер етеді және туылғаннан бастап оның жүріс- тұрысын алдын-ала анықтайды.

  • Юнг сонымен бірге, «Мен» түсінігіне енгізді. Бұл түсінікте адамның тұтастық пен бірлікке ұмтылуы жатыр. Олар арқылы саналық және санадан тысқарылық арасында тепе-теңдік боладыда, «Мен» түсінігі көрінуі мүмкін. Осы көрінулерге байланысты адамдарды белгілі бір типтеуге бөлуге болады.

  • Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды.

  • Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялар нұсқауларының жүйесі.

  • Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді.

  • Анимус (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адам ретіндегі түсінігі. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі, ал әйел адамда ер адам ретіндегі бейне бар. Бұл бейне бейсаналы болған, бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

  • ЭГО-психология және онымен байланысты тұлға теориялары
    Эрик Эриксон: Жеке адам. Эго теориясы.

  • Эрик Эриксон 1902 ж. Германияда дүниеге келген. Эриксон мектеп бітіргеннен кейін формалды жоғары оқу орнын бітірген жоқ. Ол Германияда гуманитарлық гимназияда жұмыс жасады.

  • Эриксон классикалық психоанализде 4 маңызды пункт бойынша Эго дамуына қатысты идеяны ұсынды:

  • 1. Ид-Эго қозғалыс анық көрсетілген. Эриксон позициясы бойынша Эго адам жүріс-тұрыс және функциясының негізін құрады. Ол Эгоны жеке адамның автономиялық құрылымы ретінде қарастырды. Дамудың негізгі бағыты әлеуметтік адаптация болып табылады, ид және инстинкт дамуы параллельді жүреді. Адам табиғатына осындай көзқарас эго-психология деп аталған, ертеректегі психодинамикалық ойлаудан ерекшеленеді. Эго психология адамдарды ұғынылған шешімдерді қабылдауды және өмірлік проблемаларды саналы шешуде суреттеді. З.Фрейд: эго инстингтік қозулар және моральды шектеулер арасындағы конфликті шешуге тырысып, күреседі десе, Эриксон-эго бұл қабылдау,ойлау,зейін және автономды жүйе ес көмегімен реалды ықпал жасайды.

  • 2.Эриксон ата-аналармен және мәдени контекспен индивид өзара қарым-қатынасқа жаңа көзқарасты дамытты. Егер З.Фрейд ата-аналардың бала тұлғасының қалыптасуына әсері қызықтырса, Эриксон балада эго қалыптасатын тарихи жағдай ескеріледі.

  • 3.Эго дамуы теориясы индивидумның барлық өмірлік кеңістігін қамтиды.

  • 4.З.Фрейдте және Эриксонда психосексуалды конфликт шешу және табиғатына көзқарастары түрліше. З.Фрейд мақсаты санадан тысқары психикалық өмірдің жеке адамға әсерінің мәнін және ерекшеліктерін ашу. Және ертеректегі соққы ересек кезде психопатологияға әкелуі мүмкіндігін түсіндіру Эриксон керісінше, психоәлеуметтік сипатта өмірлік қиындықтарды адамның жеңе алу қабілетіне назар аударуды міндет етіп алды. Оның теориясы эго сапасын негізге қояды, яғни дамудың түрі кезеңдерін ашатын құндылығы.

  • Эрих Фромм: жеке адам гуманистік теориясы

  • Фромм психоаналитикалық теория шекарасын кеңейтуге тырысты, ол әлеуметтік, саяси, экономикалық, діни және антропологиялық факторларды жеке адам қалыптасуында ескеріп отырды. Оның жеке адам интерпретациялауы адамның бар болу өмір сүру жағдайын анализдеуі және олардың өзгеруінен басталады(орта ғасырдың аяғынан бастап) Фромм өзінің тарихи анализін аяқтайды, адамның өмір сүруінде ажыратылмайтын ерекшелігі жалғыздық, бөлектеу және жатырқаушылық болып табылады.

  • Рэймонд Кеттел: Жеке адамның құрылымдық теориясы

  • Кеттелдің көптеген теоритиктерден ерекшеліктері адам табиғаты клиникалық бақылаудан бастаған жоқ. Керісінше оның көзқарасы нақты эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдануға берік негізделеді.

  • Рэймонд Кеттел: Жеке адамның құрылымдық теориясы

  • Кеттел бойынша тұлға бұл белгілі бір жағдайда адам жүріс – тұрысын болжауға мүмкіндік берді. Жеке адам математикалық анализдеуді жинақтаушы ретінде ол жүріс тұрысты болжау ерекшеліктерін теңдестіру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деген пікірде болды.

  • Белгілі бір нақтылық дәрежеде адам жүріс – тұрысын болжау үшін Кеттел негізі формула қолданды: R = f ( S,P); R – реакция ( не істейді, ойлайды, сөзбен білдіреді ),

  • Анықталмаған (f) функциясы бар, Sf ситмулдаушы ситуация (нақты уақыттағы) және Р жеке адам құрылымы.

  • Рэймонд Кеттел: Жеке адамның құрылымдық теориясы

  • Р.Кеттел 16 түрлі түлғалық келбет анықтап, аның күшті жэне әлсіз сияқты екі түрлі дамушылығын белгілейді. Кеттел сауалы 100 сұрақты қамтиды да, оны мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы, соңындағы жинақтаған баллық «кілтіне» қарай белгіленеді. Сол арқылы оның түлғалық келбеті анықталады.

  • Мәселен, Г.Айзенк "интроверсия – экстраверсия мидың ерекше құрылымы – ретикуларлық формацияның қызметімен байланысты" деген болжам ұсынған Айзенк адамдар туралы мәлімет жинауда түрлі әдістерді пайдаланды: өзін -өзі бақылау экспертті баға, өмірбаян мәліметтерін талдау, физикалық және физиологиялық параметрлер және объективті психологиялық тестер.

  • Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (А. Маслоу)

  • Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді. Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.

  • Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды.

  • 1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.

  • 2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.

  • 3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.

  • 4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

  • 5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.

  • Кеңес психология ғылымында тұлға психологиясын 1960 жылдан бастап төрт топқа бөлді

    1. Мәскеудегі іс-әрекеттік ықпал А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович;

    2. Ленинград мектебі Б.Г. Ананьев, В.Н. Мясищев; человеке группируются в четыре раздела: 1) человек как биологический вид; 2) онтогенез и жизненный путь человека как индивида; 3) изучение человека как личности; 4) проблема человечества. 

    3. Грузин мектебі Д.Н. Узнадзе;

    4. Пермь мектебі В.С. Мерлин разработчик системной методологии междисциплинарных исследований человека как интегральной личности

    • Психология ғылымында Ж.Ы. Намазбаева кемтар балардың психологиясын зерттеуде көптеген ғылыми зерттуелер жүргізіп келеді

    • Белгілі ғалым С.М. Жақыповтың негізгі идеясы бірлескен танымдық- диалогтық іс-әрекет мәселесін оқыту процесінде жүзеге асыру мәселесінде кеңінен қолданып келеді.

    • Сондай-ақ, балалар психологиясында көптеген зерттеулер жүргізген, Қазақстанда «Өзін-өзі тану» курсы бойынша қарымды жұмыстар авторы Қ.Т. Шерьязданова қазіргі кезде де психология ғылымының дамуына үлес қосуда.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет