Тұлға мәселесіне байланысты отандас және шетелдің көзқарастары


Қарым-қатынас және оның түрлері, функциялары



бет7/15
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#21557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
2-5 лекция

Қарым-қатынас және оның түрлері, функциялары

  • Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу.

  • Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады

  • Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.

  • Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер т.б. деңгейлері болады

  • Қарым-қатынастың негізгі қызметі:

  1. ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  2. реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  3. аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

  • Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс.

  • Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады.

  • Психолог Г. М. Андреева қарым – қатынастың үш жағын ашып берді.

1.Коммуникативтік

2. Интерактивтік жағы



3. Перцептік жағы

  • Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады.

  • Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді.

  • Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы.

  • Коммуникативтік қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды коммуникация және вербальды емес коммуникация

  • Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады.

  • Вербальды емес коммуникацияға кіреді

  1. оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесі (мимика, ым-ишара, қол, дене қимылы). Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы.

  • Ым –ишара дегеніміз - психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.

  1. проксемика- қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың коммуникативтік мәніне көңіл аударады.

  2. Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі

  • Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.

  • Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.

  • Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин

  • Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминанты деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер

  • Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас серіктесін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы

  • Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуйияны жатқызуға болады

  • Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою.

  • Эмпатия – басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті.

  • Рефлексия – қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.

  • Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы – тартымдылық дегенге жақын.

  • Әлеуметтік психологияның саласы – каузалды атрибуция деп аталады.

  • Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді.

  • Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны – себепті телу деп түсінуге болады.

  • Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет