1) таластың заты өте қиын және толық талқылауды және компромистік шешімді талап етеді;
2) екі жақ жасырылған мұқтаждарды және мүдделерді анықтау үшін уақыт бөлуге дайын;
3) екі жақ үшін олардың мүдделері маңызды және компромисс олар үшін тиімсіз болып табылады;
4) жақтар бір-біріне тілектестікпен қарайды, тыңдауға және қарсыластың көзқарасына құрметпен қарайды;
5) екі жақ уақытша емес, ұзақ мерзімді келісімді талап етеді, сонымен қатар тез уақытта.
Пікірлермен өзара алмасу көмегімен екі жақтың мүдделерін жетілдіру және келіссөздерге қатысушылардың көңілінен шығатын нәтижелерді алуға арналған. Келіссөздер барысында әр түрлі мүдделер пайда болады, қатысушылар оларды өз сұраныстарымен салыстырады. Келіссөздер жүргізу кезінде негізгі кемшіліктерді атап қоюға болады.
«Бағдарламаның жақтығы»
Қатысушыда максималдық және минималдық ұсынылған талаптар бойынша әрекет жасаудың нақты жоспары жоқ. Әрекет жасау әртүрлі нұсқалар болған кезде ғана келіссөздерді жүргізу оңайға түседі.
«Ең бастысы, бұл менің көңілімнен шыққаны». Яғни, мен жеңу үшін сен де жеңуің қажет.
Серіктес келіссөздерді жүргізуін қатты озбырлықпен басып алатыны сонша, басқа қатысушылар өзі үшін ешқандай артықшылықты көрмейді. Бұның бәрі әңгімелесушіге әсерін тигізеді, ол келіссөздерді жүргізу ниетін мүлде жоғалтады.
«Барлығын өз бетімен жіберу»
Қатысушыда тұжырымдалған өз нақты ұсыныстары мен дәлелдері, келіссөздердің пәнін бағалау критерийлері және толық талаптар, тұғырлары жоқ. Келіссөздердің тиімділігі дайындықтың аздығынан төмендейді.