Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


 2017 жылы өтетін 38-Дүниежүзілік қыстық универсиаданың астанасы болып Алматы қаласы ресми жарияланды. 90



бет103/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122
89. 2017 жылы өтетін 38-Дүниежүзілік қыстық универсиаданың астанасы болып Алматы қаласы ресми жарияланды.
90. 2012 жылы қарашада Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясының Париждегі Штаб-пәтерінде өткен 152-сессиясында ұйымның делегаттары Астананы (Қазақстан) 2017 жылғы жоспарланған ЭКСПО халықаралық көрмесінің ресми өткізушісі ретінде таңдап алды
[3, 276б].
91. 2012 жылдың соңына қараған шақта «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі мақсаттары уақытынан бұрын толығымен орындалды [3, 278б].
92. 2012 жылы Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша бизнес жүргізу көрсеткішінен Қазақстан ТМД елдерінің бәрін артқа қалдырып, 47-орынға шықты [3, 280б].
93. 2012 жылы ішкі жиынтық өнім жан басына шаққанда 11,3 мың АҚШ долларын құрады [3, 280].
94. 2025 жылға дейін қазақ тілі елде жетекшілік межеге шығады. Соған қоса, аталған мерзім ішінде қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді [3, 282б].
95. 2012 ж., желтоқсан – «Қазақстан-2050» стратегиясы жарияланды [3, 289б].
Қосымша №10.
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ басылымдары:


1. «Серке» газеті 1907ж. (небәрі 3-4 нөмері шығарылды).
1907 жылдың 28 наурызында ІІ Мемлекеттік Дума депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың қолдауымен шықты.
2. «Қазақстан» газеті 1911-1913 жж.
1911 жылдың 16 наурызында Орал қаласында шықты. Редакторы Елеусін Бұйрин.
3. «Айқап» журналы. 1911-1915 жж.
1911 жылдың 10 қаңтарында Тройцк қаласында М. Сералинің бастамасымен шықты.
4. «Ешім даласы» 1913ж.
1913 жылы қыркүйектен – желтоқсанға дейін Петропавлда шығып тұрды.
5. «Алаш» газеті. 1916ж
1916 жылдың қарашасында Ташкентте К. Тоғысов шығарды.
6. «Қазақ» газеті. 1913 -1918 жж.
1913 жылдың ақпан айында Орынбор қаласында А. Байтұрсыновтың бастамасымен шықты.
7. «Садақ» журналы. 1916ж.
1916 жылы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастары шығарды. Редакторлары: Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет