Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»



бет118/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
АВТОРЛАР

Милитарландыру – (экономиканы, өнеркәсіпті) соғыс мақсатына бағындыру.
52. Волюнтаризм (лат. valuntas - ерік) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.
53. Түсті металлургия – өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
54. Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдар кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат,темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
55. Жоспарлау – экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің, ресурстарды қаржыландырудың және т.с.с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен, бастамашылдықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, экономикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге, ақыры халық шаруашылығындағы пропорционалды емес және т.с.с дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.
56. Экстенсивті – сан жағынан көбею, кеңею, таралу, даму. Экстенсивті егіншілік техникалық прогрестің есебінен емес, қосымша материалдық және адам ресурстарын пайдаланудың арқасында дамиды.
57. Қаракөл – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынатын елтірі. Қаракөл әр түрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшелінеді.
58. Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы. кеңшар) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды. Олардың дүние - мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді.
59. Бюрократия (кеңсенің үстемдігі, франц. bureau – бюро, кеңсе) – бастапқыда үкімет аппаратындағы шенеуніктер мен бастамашылдардың билігі мен ықпалы; одан кейін – қоғамның әр түрлі салаларында пайда болған ірі ұйымдардағы қызметшілер тобының атауы. Бюрократияға ұйымның көпшілік мүшелерінен артықшылықтары бар топқа айналу тенденциясы тән. Бұл формализм мен шектен шығудың, авторитаризм мен конфорфизмнің өсуімен, ұйым қызметінің ережелері мен міндеттерін оны нығайту мен сақтауға бағындырумен қатар жүреді. Бұл авторитарлық жүйелерде ерекше көрініс табады; артықшылықтары бар шенеунік - әкімшілік шағын тобы.
60. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет