Мобилизация – 1) мемлекеттің қарулы күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе қарулы күштерінің бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру.
13. Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.
14. Социал - демократия – дүниежүзілік демократиялық жұмысшы қозғалысындағы ықпалды күш, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең көлемді демократиялық қайта құруларды жүргізіп, революциялық жолмен социализмге жетуге ұмтылатын жұмысшы тобының партиясы.
15. Большевиктер – Ресей социал - демократиялық жұмысшы партиясының (РСДЖП) фракциясы.
16. Большевизм – В. И. Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауыс ие болып, большевиктер аталды.
17. Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.
18. Қосөкімет – Ақпан революциясынан соң (1-2 наурыз – 5 шілде, 1917 ж.) Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке-дара билік үшін күрес кезеңі. Уақытша үкімет – буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл үкімет парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшы мен солдат депутаттарының кеңестері – өз мақсатын жұмысшы табы мен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.
19. Пролетариат диктатурасы – маркстік теорияда жұмысшы табының шаруалар мен еңбекшілердің басқа да топтарымен одағындағы саяси билік.
20. Революция – 1) табиғаттың, қоғам мен сананың диалектикалық дамуының маңызды заңдылығының жүзеге асу көрінісі, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға шұғыл секіріс арқылы өтетін түбірлі төңкеріс; 2) (лат. – төңкеріс, бетбұрыс) – қоғамда, экономикада, дүниеге деген көзқарастарда, ғылымда, мәдениетте т.б терең, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.
21.