454. 1997 жыл «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы».
455. 1998 жыл «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы».
456. 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
457. 1995 жылы Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады.
458. 1998 жылдан бастап Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» атты жаңа журнал шығара бастады.
459. Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағаланды.
460. 1995 жылы өткізілген қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, гуманист Абайдың мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды.
461. 1996 жыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланды.
462. 1997 жылы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.
463. 1999 жылы республиканымыздың рухани өмірін байты түскен оқиға – ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзі бойынша атап өтілген Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және оның бірінші президенті, әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы болды.
464. Қазақстан Үкіметі 1998 жылдың сәуір айында «Қ. И. Сәтбаевтың есімін мәңгі сақтау туралы» арнайы қаулы қабылдады.
465. 1998 жылдың 25 қарашасында Павлодар қаласында Қ. Сәтбаевтың 100 жылдығына дайындықтың барысы жөнінде мәжіліс өтті.
466. 1999 жылғы сәуірдің 13-і мен 23-і аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Қ. И. Сәтбаевқа арналған «Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
467. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығына байланысты мемлекетті мекемелерді оңтайландыру (оптимизация) саясаты жүргізілді.