Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»



бет116/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122
Азық - түлік салығы – азық - түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген, жаңа экономикалық саясаттың (НЭП) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейін шаруашылықтың әл-қуатына байланысты белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерді сатуға рұқсат етілді. Бұл шаруаларда өнім көлемін арттыруға ынталық тудырды. 1923 жылға дейін қолданылды.
31. Ұлтшылдық – ұлтты қоғамның ең жоғарғы құндылығы мен формасы деп есептейтін, ұлттық артықшылықты уағыздайтын идеология мен саясат.
21. Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік.
33. Жаңа экономикалық саясат (НЭП) – Кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б) П Х съезінен кейін енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
34. Экспроприация – меншікті күшпен тартып алу.
35. Коммунизм – XVIII-XIX ғасырлардағы утопистердің доктринасы, К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация жөніндегі ілімі. Бұл формация өндіріс құрал-жабдықтарына деген қоғамдық меншікке негізделіп, қоғамның барлық мүшелерінің толық әлеуметтік теңдігі болатын тапсыз қоғам орнатуды, «әркімнен қабілетіне қарай, әркімге қажетіне қарай» қағидасын жүзеге асыруды мақсат етті.
36. Индустрияландыру - 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жетекші саланың негізі ретінде құрал-жабдықтарын өндіретін салаларды құру; 2) (лат. күш салу) – өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатына бағытталған ірі машина жасау өндірісін құру процесі.
37. Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай қырып жою.
38. Ұжымдастыру – 1) қоғамдастыру. Социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері т.б. етіп қайта құру; 2) КСРО-дағы 20-жылдардың соңы – 30 жылдардың басындағы ауыл шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру.
39. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет