Жоғары деңгейі – креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. (ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы)
Орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы).
Төменгі деңгей – бейімделеалмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі – өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы;
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ҮШІН ТӨРТ АСПЕКТ МАҢЫЗДЫ
Темекі шегуден бас тарту.
Алкоголь мен басқа да есірткіден бас тарту.
Дұрыс тамақтану: сандық жағынан қалыпты, тұтынуы денсаулық әлеуетінің ұлғаюымен байланысты тамақ өнімдерін пайдалану; тұтынуы созылмалы аурулар мен барлық себептерден болатын өлім-жітім қаупінің жоғарылауымен байланысты өнімдерден бас тарту.
Қозғалыс: физикалық белсенді өмір, оның ішінде жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы физикалық жаттығулар (мысалы, фитнес), белсенді көлік (жаяу жүру, велосипедпен жүру, Скутер және т. б.), отырықшы өмір салтынан бас тарту.