Тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері: мінез. Мінездің құрылымы. Э. Кречмер, А. Е. Личко, К. Леонгард, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Мінез қырлары қалыптасуының жастық ерекшеліктері



бет3/8
Дата16.10.2023
өлшемі73,19 Kb.
#115926
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.
1) Мінез-адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез бір-біріне белгілі бір қатынас байланысы бір жеке адам қасиеттерінің жүйесі,тұтас құрылым болып табылады.Сондықтан,адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп,оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.Мәселен:ақжарқын т.б.
2) Сенім. Сенімділік адам мінез-құлықтарының принциптілігін,бас имейтінділігін,өз күш-жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.
3) Қажеттілік пен мүдде. Яғни рухани немесе материялдық қажеттілік пен мүдденің өктем адамның сезімдерін ғана емес,
іс бағытын да анықтайды.
4) Интеллект. Мінез туралы сөз болғанда ойлау дұрыс емес,есте қалыптасқан ақыл сапасы жайлы болады.Ақыл-ой әдеттері(жұмыстағы жоспарлылық,) қалыптаса келе мінез сипатына айналады.
5) Ерік. Ерік-жігері күшті адам талап-тілектерінің және қылықтарының, өз бетінше әрекет ете алуымен көзге түседі.
Жігерлі мінез нақтылылығымен,тұрақтылылығымен мақсатқа жетудегі беріктігімен ерекшеленеді.
6. Сезім дегеніміз -әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынс. Адамның нені сүйіп, нені жек көретіндігін білдіреді. Мәселен. Селқос, дөрекі ұстамсыз т.б
7.Темперамент. байсалдық немесе сылбырлық, тұйықтық, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделуін т.б. сипаттарын анықтайды.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: қарапайымдылық, кішіпейілділік, өркекіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік,
4. Заттарға қатынасы; ұқыптылық, тиянақтылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет