Тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері: мінез. Мінездің құрылымы. Э. Кречмер, А. Е. Личко, К. Леонгард, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы. Мінездің қалыптасуы. Мінез қырлары қалыптасуының жастық ерекшеліктері


Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз



бет8/8
Дата16.10.2023
өлшемі73,19 Kb.
#115926
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат Псиколоджи

Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз:


  1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.)

  2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік

  3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.)

  4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады

Мәселен “ұжымдық мінез ұжым арқылы және ұжым үшін” тәрбиелеудің нәтижесі іспеттес. Сондай-ақ белгілі тарихи дәуір тұғызған типтік мінез болады. Ондай мінез осы типке жататын жеке адамның басын сипаттайды. Мәселен, белгілі бір ұлтты адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерін нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды, қазақ азаматының жеке басындағы ұлттық ерекшеліктеріне оның кеңпейілдігі, қонақ-жайлығы, ағайыншылдығы т.б. бітістері жатады, бұлқынысына әлде бір қалыпты болуына қатысты келеді. Сондай ақ темперамент шыдамдылық және төзімділікті талап ететін қабілеттен байқалады. Бірақ мінез де темпераментке әсерін тигізіп, тіпті оны бүркемелеу мүмкін қалыптасқан әдеттен дағды, мінез бітістері темпераментке ықпалын тигізіп мшез-құлықты өзгертеді. Осыны ескерш И.П.Павлов керенау Флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқан. Содай-ақ сангвиниктердің бірі істе белсенділік көрсетсе, екіншілері әбігер, бас сөзді, той-дағазаға құмар келеді. Сөйтіп мінез бен темперамент өзара қатынасын біріне-бірі әсерін тигізіп, өзгерістер жасап отырады. Бірақ темперамент мінезге қарағанда өзгерістерге өте аз беріледі, өйткені нерв типтерінің қызметтерінің көпшілік ерекшеліктері туа бітеді. Соған қарамастан өмірдің талқысы темпераментке де ізін қалдырмай қоймайды.
Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.
Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi.
Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.
Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет