«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты но-27топ оқушыларына арналған психологиялық тренинг



бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі25,19 Kb.
#89678
1   2   3
Байланысты:
«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты НО-27топ оқушыларына арналған психологиялық тренинг.

«Менің есімім» атты жаттығу.

Мақсаты: Оқушылардың өздерін қаншалықты бағалай алатындарын анықтау.
Танысу үшін өткізілетін жаттығу. Оқушылар кезекпен өз атын атап, есімінің бес әріпінен басталатын сөз айтады.
Мысалы: Сандуғаш, сникерс. Әсел әлем, т.б.

  1. Геометриялық фигура тесті

  1. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылардың дәл қазіргі көңіл-күйлері қандай екенін анықтап алу.
Қажетті заттар: түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар, ватман, акварильді краскалар. 1) интерпретация
Қызыл түс – қуанышты көңіл-күй
Алқызыл – ұнамды көңіл-күй
Сары – жағымды көңілкүй
Көк – суық көңі-күй
Қоңыр – қиналған көңіл-күй
Күлгін – алаңдаушы көңіл-күй
Қара – күш қуаттың төмендеуі
Ақ – анықталмаған көңіл-күй 2) Әр оқушы өздеріне ұнаған әр түсті таңдап алады. Қағаздың артында әр түске арналған интерпретациялар жазылып тұрады. Сол бойынша әр оқушыы өзінің көңіл-күйін біледі. Осы көңіл күйлерін қағаз бетіне өз қолдарының белгілерімен краска арқылы ватман бетіне естелікке қалдырады.

  1. «Топқа бөлу» .

Сыныпты үш топқа бөлу үшін, үш түстегі коньфеттер таратып беріп, бір түстегілер бір топқа ал қалған екі түстегілер екінші және үшінші топқа бөлінеді. Бұл топқа еш талассыз тез бөлінуге көмектеседі.

  1. «Мимикалық жағдай» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.
Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто-мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.

  1. «Біз өзімізге сенімдіміз!» .

Мақсаты: өзара түсінік және топ мүшелерінің креативтілігін дамыту.
Нұсқау: Үш топқа бөлінген оқушылар «Біз өзімізге сенімдіміз!» атты тақырыпта қалай сенімді болуы керек екндігі жайлы бейнелеп көрсетулері керек және осы бейнеленген суретті қорғап шығулары керек. Жұмыс істеу барысында топтағы белсенділігі төмен оқушыны анықтап жасыл түсті дөңгелекті орындық артына білдіртпей жабсырып, сурет салынып аяқталғаннан кейін жасыл түсті дөңгелек кімнің орындығында болса сол өз орнында қалады және басқа топ мүшелері басқа топтармен ауысады. Орнында қалған топ мүшесі салынған суретті қорғап шығуы керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет