Semey city. Research base: Communal public institution «Secondary General Education School №16 named after Toleubay Amanov»
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жоғарғы міндет-тәуелсіздік мемлекетіміздің уығы болып қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Өркенниетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетілігін еркін ойлау қабілеттілімен, шығармашылығын кәсіби біліктілігі мен білімділігін қоршаған ортаға сүйіспеншілігін талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсының жеке тұлға болып қалыптасуына маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала ол- білім беру жүйесі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Өркенниетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін қоршаған ортаға сүйіспеншілгін талап етеді. Оған өзара және табиғатпен үйлесімділікте дамыған жағдайда қол жеткізуге болады. Адамның болмысы өзі туып өскен ортасы, тәрбиеленген ортасымен толысады. Бала өмірінің өзін қоршаған ортамен тығыз байланысы оның бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлесімділікте дамуына тікелей ықпал етеді. Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы жақсылыққа, мейірімділкке,ізгілікке тәрбиелеп соны мақсат тұтса, ұстаздың ата ананың болашағы зор болмақ.[1] Жеке адамды ізгілікке, өнегелілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу жолдарын әртүрлі ғылым саласында қарастыратыны белгілі. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар. Көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн «Оқыта отырып біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Жалпыадамзаттық құндылықтарды тұлға бойына дарытып сіңіру болып табылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады.