Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік ізгілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер: тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;
оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.[12]
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын.
Анықтама сатысы. Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады. оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.
Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.
Дәлелдеу сатысы. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Гуманист болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет?
«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» — деген сұраққа жауап берместен бұрын: «Мен қандай болуға тиіспін?». «Адам болу деген не?» — тәрізді сұрақтарға ойлануымыз керек. Мысалы, теректің «жақсы» өсіп-дамуына құнарлы топырақ, ауа-райының қолайлы болуы,т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық, өсімдікті бүлдіретін зиянкестер, дауылдар жататыны белгілі. Дәл осы тәрізді адам үшін де жақсы мен жамандық алмасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда адам бойындағы адамшылық қасиеттер өніп, адамның Адам болып қалыптасуына көмектеседі. Жақсылыққа қайшы жамандық бар.
Қайшылық сатысы. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесінен де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын шашудан тұрады екен.
Ұлылар сатысы. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі — залымдық», — деп білемін дейді 38 қара сөзінде ұлы Абай. Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы, күн жылуының да әсері мол.
Шығармашылық саты. Күннен жылу алалық. Тренинг.
Эвристикалық саты. Білім беруді және тәрбиені ізгілендіру… Қанша ғасыр бойы жаңашыл педагогтар ой қозғады. Руссо теориялық жағынан толығынан жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ізгілендіру жүйесін құрды.[13] Ізгілендіру – білім беру процесінің қажеттілігін дәлелдейтін, жаңа педагогикалық ойлаудың негізгі элементі. Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар – Ш.Аманошвили(баланы сүю, махаббат қажеттілігі), И.С.Кон(үлкендерді құрметтеу қажеттілігі), А.В. Перовский(тұлға болып қалыптасу), А.В. Мудрик(өз мүмкіндіктерін іске асыру қажеттіліктері).
Сондықтан маңызды мәселелерді зерттеп қана қоймай, олардың тәрбие үрдісіндегі тиімділігінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне жете назар аудару қажет деп ойлаймын. Қорыта келе айтарым, тұлға рухани-адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастырады.[14]