1.2 Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар нақты қоғам немесе әлемдік қоғамдастық үшән заттың, құбылыстың, идеяның маңызының құнды болуын көрсетеді. Қазіргі өркениеттер тұрғысынан қарастырғанда қазіргі заманғы қоғамдық саяси үдерістерді реттеуде құндылықтық көрсеткіштер маңызды рөл атқарады. Құндылықтар қоғамдық маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар. Құндылықтар жалпыадамзаттық және ұлттық болып екіге бөлінеді.[6] Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылады. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тақырыбының кейбір аспектілері отандық ғалымдар Р.Әбсаттаров, В.Х.Баймырзаева, А.Ж.Мұқажанова, Р.Қадыржанов,Қ.Ж.Нұғыманова және басқалардың зерттеулерінде қарастырылған. Тәуелсіздік жылдарында бқл тақырыптарға ерекше қызығушылық туып,ұлттық, жалпыадамзаттық мәселелері бойыша маңызға ие болды.
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез- келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс: Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. [7] Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді.
Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар. Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір – біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.[8] Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез – келген адам, осы ққндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол, адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды. Рухани адамгершілік құндылықтарды цқалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндетттер: біріншіден рухани адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік, сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім»- мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді. «Өзіңді-өзің танып -біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нқр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер » деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы…» деп жырлайды. Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытың босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің – дейді. [9] Шәкәрімге философиялық ойларды жазу оңайға түспейді. Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы, «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді, жан мәңгілік – бұл екінші анық – деді. Үшінші анық – ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды. Жалпыадамзаттық құндылықты дамыта отырып, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Фарабидің философиялық көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. [10] Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейді.
«Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді. Шәкәрім Құдайберді ұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады.[11]
Ⅱ.Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру