Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба


Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы



бет10/14
Дата30.11.2022
өлшемі42,91 Kb.
#53888
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Жоба

2.2. Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы
Қазіргі қоғамда реформаның шынайы нәтижесінің адам табиғатын, ішкі әлемін және оның құндылықтық әлеуетін тілге тиек еткенде ғана болатынын түсінді. [15] Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық және т.б. түсініктердің мәнін ұғынуға ұмьылды, кейінірек мұның бәрі «құндылық» ұғымына біріктірілді. Философия тарихында «Игілік деген не?» деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты «заттар әлеміне» және «идеалар әлеміне» бөле отырып, заттар әлемінде ақиқат, әсемдік, әділеттілік және т.б. жоғары игіліктерге сәйкес келетіндей еш нәрсе жоқ деп есептейді. Және сыртқы әлеснің өткіншілігі мен салыстармалылығын ескере отырып адамдардағы ақиқат, әсемдік т.б. ұғымдарды уақыттан тыс мәңгі идеалар кеңістігіне орналастырды. «Егер кім әсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдын ақырына жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәпсені көреді… бұл нәрсе, ең алдымен мәңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда әдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен салыстырғанды тұрпайы. [16] Әсемдік – бұл бет, қол немесе қандай да бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-өзі әрқашан да өзінде түтас бейне ретінде көрінеді: әсемдіктің өзге түрлерінің барлығы оған қатысында туылатын және күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді» (Платон. Соч. В 3-х т. М., 1970, 142-бет). Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін. Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылғына байланысты ауысып тұрады.[17] Өмірдегі түрлі жағдаяттар, мәселен, емі жоқ ауру, жақсы адамның қайтыс болуы, үйінен айырылып қалу және т.б. жағдайлар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі мен мінез құлық нормасын қайта қарауына негіз болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды. Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтар ды білім мазмұнына мақсатты түрде енгізу мәселесі 20 ғ. 80-90ж. жолға қойылды (И.Я.Лернер, В.Оконь, Л.Я.Зорина және т.б.). Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек. Сондықтан да рухани адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен, жан жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет