Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба



бет6/14
Дата30.11.2022
өлшемі42,91 Kb.
#53888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жоба

Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы білім, білік, дағдыларын дамыту, құндылықтарды дәріптейтін тұлға тәрбиелеу.
Өзектілігі: Қазіргі қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың идеялық- теориялық негіздері мен даму үдерістерін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Біздің қоғам үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың ұрпақ санасында қалып, олардың дәріптелуі маңызды. Сол себепті осы жобаның өзектілігі бүгінгі күнмен тығыз байланысты деп айта аламыз. Зерттеудің міндетттері: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәнін айқындау, адам өмірінде маңыздылығы жайлы түсініктерін қалыптастыру, креативті ойлауды дамыту.

  • Жалпыадамзаттық құндылықтар, рухани құндылықтар туралы ақпарат жинау.

  • Жобаны кезеңдерге бөліп ұсыну.

  • Оқушылармен іс-шаралар ұйымдастыру.

  • Сауалнамалар алу, қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеудің болжамы: Жалпыадамзаттық, рухани – құндылықтар бұл адамдағы ең терең, маңызды және мәнді бағдарлар. Өзіне деген сенімділігі артады, адамның өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді. Оларға сүйене отырып, адам шешім қабылдайды, дұрыс әрекет етеді. Әрбір адамда бұл құндылықтың болуы, оған қуаныш пен қанағаттанарлық сезімдердің пайда болуына ықпал жасайды. Жүргізілетін жұмыс бағыттары: Оқушылармен жұмыс Зерттеу обьектісі : 7 сынып оқушылары Зерттеу жұмысының кезеңдері: Бірінші кезең әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Екінші кезең негізгі теориялық ойларды анықтау мақсатында эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың нақты жоспарын жасау. Шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылармен құндылықтар негізінде адамдарға жасалатын игі істер, көмек қолдау, жинақталған материалдар негізінде кітап, сурет, бейнеколлаждар жасау. Үшінші кезең: Жинақталған материалдарға жүйелі талдау жасалынып, сұрыпталды. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді. Төртінші кезең- қорытындылаушы кезең. Бұл кезеңде жобаның нәтижелері жинақталып, зерделенеді. Сондай ақ оқушылардан алынған сауалнамалар жинақталып, психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларға зерттеу жұмыстары жүргізіліеді. Зерттеу әдістері: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушыларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін жинақтап қорыту, әңгімелесу, сауалнама, сұрақ- жауап әдісі. Әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау. Зерттеудің нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық теориялық қағидалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштерді қорытындылаумен мектепте тәрбие,оқу үрдісінде оқушының өзін -өзі тәрбиелеуінде жалпыадамзаттық құндылықтардың тиімділігі қамтамасыз етіледі.
І. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды зерттеудің теориялық- әдіснамалық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет