Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы



бет7/14
Дата30.11.2022
өлшемі42,91 Kb.
#53888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Жоба

1.1 Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Ұлттық және жалпыадамзатттық құндылықтар төмендегі бөлімдерден тұрады: дәстүрлер мен әдет ғұрыптар, жоралғылар мен дағдылар, рәсімдер мен нұсқаулар, ой пікірлер мен пайымдаулар, мақал мәтелдер, нақыл сөздер мен көзқарастар, сөз сөйлеу мен мамандық.
«Бала туылған кезінде адам емес тек адамдыққа кандидат» А.Пьерон
Адам дамудың жоғарығы деңгейін қамтитын мән, тарихи қоғамдық субьект болып табылады. Адам физикалық,және психикалық, генетикалық шартталған және өмір бойы құралған , табиғи және әлеуметтік бұзылмайтын бірлік.
А. Пьерон өз ойымен адам- бұл тұлға, ал бала -индивид. [1] Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса (200), соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады. Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға – бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі. Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: «Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі» [2]. Жоғарыда айтылған анықтамалардан түсінетініміз, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғы сезімді» қасиеті болып табылады. «Жоғарғы сезімді», яғни іштей бөлшектенген, күрделі қасиет. Индивидтің сезініп қабылдайтын қасиеттерiнен айырмашылығы: дене бітімі, мiнез-құлық, сөз, ымның жеке ерекшелiктерi, жалпы, өз тәртібімен, келбетімен және т.б. бейнеленедi. Тұлға ол әлеуметтiк байланыстар жүйесінен ажырамайды. Тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуын жетік түсіну үшін, оның қоғамдағы өмірін, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қозғалысын зерттеу қажет. Қоғамдық қатынастар – индивидтің әлеуметтiк қасиетi ретінде тұлғаның бөлiгі, бір жағы, аспектiсi. Кез-келген қоғамға индивидтің қосылуы, орындалатын әрекеттердің мазмұны мен сипатын, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсiлдерi мен шеңберін, яғни оның өмір сүру, әлеуметтік тұрмыс ерекшеліктерін анықтайды. Бiрақ қайсыбір адамдар қоғамының, сонымен қатар жалпы қоғамның жеке индивидтерінің өмiр сүруі, тарихи дамып келе жатқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Сонымен бiрге, әр түрлi қоғамдық қатынастарға нақты тұлғаларды қосудың тәсiлдерi әртүрлі. Сәйкесінше әр тұлғаның өмiрінде оны жүзеге асыру дәрежесі әр түрлi, сондықтан әртүрлі қызмет пен қарым-қатынастың өзара байланысуы әртүрлі жүреді. [2]. Айта кету керек, «адам» деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi – логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.
Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды. Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi. [3] Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Сонымен бiрге, ол әр түрлi тәжiрибе, бiлiм, икемділік пен сенiмдерінде байқалады. Бiз өз даралығымызды дәлелдеп, бекiтемiз. Демек, даралық – адамның тұлғасының тек бір жағы. Рубинштейн С.Л. зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмұнын талдаудан басталатын барлық психикалық процестер тұлғада өтеді, және олардың әрқайсысы өзінің шынайы өтуі барысында оған тәуелді деп тұжырымдады. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке – дифференциалды айырмашылықтарда байқалады.[4]
Көптеген психологтардың пайымдауынша, адам тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Дегенмен қазіргі заманның психологиясында, тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы ортақ біртұтас теория жоқ. Келесі тәсілдемелерді айта кетуге болады. Биогенетикалық тәсілдеме (Холл С., Фрейд З.), тұлғаның дамуының негiзі ағза толысуының биологиялық процестерi болып табылады. Әлеуметті-генетикалық тәсілдеме (Торндайк Э., Скиннер Б.), тұлға дамуының негізгі сәті ретінде қоғамның құрылымын, әлеуметтену тәсiлдерiн, қоршаған ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Психогенетикалық тәсілдеме (Пиаже Ж., Келли Дж.), биологиялық, әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, дегенмен бірінші орынға жеке психикалық құбылыстардың дамуын қояды. Тұлғаның жалпы психологиялық теориясы келесі ғылыми жұмыстардың әсерінен дамыды: Абульханова-Славская К.А, Ананьев Б.Г., Анциферова Л.И., Выготский Л.С., Ковалев А.Г., Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф., Мерлин В.С., Мясищев В.Н., Петровский А.В., Платонов К.К., Теплов Б.М., Рубинштейн С.Л. Бұл теория тұлға психологиясын қызметтiң, тұлғаның санасы мен iшкi себептер арқылы істейтін оның басты сыртқы жағдайларының бiрлiгi ретінде түсінуге негізделеді. Iскерлiк тәсiлдеме «екі фактор теориясын» жоққа шығарады, оған сәйкес тұлға бұл адамның өзінің биологиялық ерекшеліктері және әлеуметтің, ортаның әсер етуінің орташа нәтижесі.[5] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет