Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.
ҚОРЫТЫНДЫ Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мәселесі саяси ғылымның құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар қоғамның пайда болуымен даму үдерісінде қалыптасады. Бүгінгі таңда оқушылардың танымдық қызығушылығын халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде жалпыадамзаттық құндылықтардың барлық адамдардың бірлігі ретінде адамзат үшін құндылықтардың маңызы зор.
Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ақпараттар жинау үшін Абай кітапханасына барып әдебиеттерге шолу жасадық.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні мен мазмұндары ерте кезеңнен бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, талданып жүйеленді. Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау жалпыадамзаттық құндылықтардың ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық сипатын ашуға,сондай ақ зерттеу пәніне байланысты оқушылармен іс- шаралар ұйымдастырып,сауалнамалар жүргізіп жоба жұмысын іске асыруға түрткі болды. Құндылық – уақытқа және тұратын мекеніне тәуелсіз, барлық адамдар үшін мәнді және маңызды, шынайы бар. Осы аспектілерді ескере отырып, «жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды ,жынысына,нәсіліне ұлтына , әлеуметтік жағдайына қарамастан іс -жүзінде мағынасы бар құндылықтар.
Оқушылардың бойында рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың механизмі ретінде қарастыруға болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар оқушылардың асыл адами қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастырады, эмоциональдық сезімін дамытып, дүниетанымын жетілдіреді.
Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды және рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралардың, жұмыс формасымен әдістерінің рөлі ерекше.
Жоба барысында «Тұлғаның қалыптасуы» оқушылардың дүниетанымын әлемге ашық бола білу, әлемді танып, түсіну, адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтардың ұстанымдарын басшылыққа алу қабілеттерін, дамыту арқылы кеңейту көзделген. Жоба адамның ішкі әлемі, тұлғаның рухани кемелденуіне баса назар аударылып жұмыстар жүргізілді.
Жоба барысында оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыруда бірқатар нәтижелер алынды. Оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру деңгейі түрлі әдістерді ( сұрақ жауап, әңгімелесу, эссе сауалнама алу) пайдалану арқылы жүзеге асты.Жоба барысында оқушылар іс-шараларға, берілген тапсырмаларға белсенді қатысты. Оқушылардың өз қалауларымен жүргізген қайырымдылық акциялары, оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейін дамытады. Шығармашылық іс-әрекеттері арқылы өздерінің адам өміріндегі құндылықтардың маңызды екенін түсінді. Жоба жұмыс жүйелі болу үшін кезеңдерге бөлу арқылы жұмыс жасалынды. Адамның жасампаздығы өз ісінде екенін түсіне отырып, оған жету үшін адам рухани жан -жақты тұлға ,адамды жасампаз ететін ізгі ісі екенін түсінеді.
WhatsAppFacebookTelegramРесурс