Тобы: 1301-21 Қабылдаған: Елмуратова А. С



бет3/4
Дата06.04.2023
өлшемі419,07 Kb.
#80008
1   2   3   4
Байланысты:
Матем

Есептің шешуін іздестіру

  • Есептің шешуін іздестіру және жоспарын құруда, яғни бұл кезеңде оқушыларға шамаларды, деректер мен ізделіндініп бөліп көрсетуге, олардың арасындағы байланысты анықтауға көмектесетін тәсілдер қолданылады, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге :
  • а) Есепті иллюстрациялап көрсету. ә) Есепті талдау. б) Шешу жоспарын құру.

  • Есепті шығару ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауызша шығарғанда сәйкес арифметикалық амалдар және оны түсіндіру ауызша орындалады. Ал, бастауыш сыныпта шығарылған есепті жазу төмендегіше түрлерге бөлінеді.
  • 1)есеп бойынша өрнек құру және оның мәндерін табу;

    2)есеп бойынша теңдеу құру және оны шешу;

    3)шешуді жеке амалдар түрінде жазу.

Есепті шығару

  • Есепті шығару ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауызша шығарғанда сәйкес арифметикалық амалдар және оны түсіндіру ауызша орындалады. Ал, бастауыш сыныпта шығарылған есепті жазу төмендегіше түрлерге бөлінеді.
  • 1)есеп бойынша өрнек құру және оның мәндерін табу;

    2)есеп бойынша теңдеу құру және оны шешу;

    3)шешуді жеке амалдар түрінде жазу.

Есептің шешуін тексеру

  • Есептің шешуін тексеру ол− есептің дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізу.
  • Бастауыш сынып математикасында есеп жауабын тексерудің мынадай төрт тәсілі қолданылады. Олар төмендегіше:

    1) Кері есеп құрастыру және шығару.

    Бұл жағдайда балаларға берілген есепке кері есеп құрастыру және оны шығару ұсынылады. Егер кері есепті шығарғанда нәтижеде берілген есептегі белгілі сан шығатын болса, онда есепті дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.

    2)Есепті шығару нәтижесінде алынған сандар мен берілген сандар аралығындағы сәйкестікті айқындау.

    Есепті шешуін осы тәсілмен тексергенде есептің сұрағына жауап беру нәтижесінде алынған сандарға арифметикалық амалдар қолданады, егер мұнда есептің шартында берілген сандар шығатын болса, онда есеп дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.


3) Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару.
Егер есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға болатын болса, онда бірдей нәтиже алу есептің дұрыс шығарылғандығын көрсетеді.
4) Ізделіп отырған санның шекарасын анықтау (жауабын шамалдау).
Бұл тәсілді қолданудың мәнісі мынада: есепті шығарғанға дейін ізделіп отырған санның шекарасы анықталады, яғни ізделіп отырған санның берілген сандардың біреуінен не артық не кем болатындығы айқындалады. Шығарғаннан кейін алынған нәтиже берілген сандардың біреуімен салыстырылады, егер ол анықталған шекараға сәйкес келмейтін болса, онда есеп дұрыс шығарылмағаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет