Тобы: 1701-20 Сөзжасам және уәждеме



бет2/4
Дата29.03.2023
өлшемі144,37 Kb.
#77157
1   2   3   4
Байланысты:
Дария (копия) (копия)

Қазақ тілшілерінің ішінде проф. М.Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» деген еңбегінде сөздің ішкі формасы (мотивация) мәселесі сөз болған, ал соңғы жылдары уәждеме мәселесі А.Салқынбайдың, Б.Қасымның, Р.Абақованың еңбектерінде біршама ғылыми негізде зерделенді. Ғалым А.Салқынбай «Қазақ тілі сөзжасамы» 2007 ж деген еңбегінде уәждеме мәселесін түсіндіріп мынандай анықтама берді: «Уәждеме дегеніміз – туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасынан негізделуі деген анықтама береді. Б.Қасым күрделі сөздердің уәждемесін, Р.Абақова фразеологизмдердегі уәжділікті түсіндірген.

  • Қазақ тілшілерінің ішінде проф. М.Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» деген еңбегінде сөздің ішкі формасы (мотивация) мәселесі сөз болған, ал соңғы жылдары уәждеме мәселесі А.Салқынбайдың, Б.Қасымның, Р.Абақованың еңбектерінде біршама ғылыми негізде зерделенді. Ғалым А.Салқынбай «Қазақ тілі сөзжасамы» 2007 ж деген еңбегінде уәждеме мәселесін түсіндіріп мынандай анықтама берді: «Уәждеме дегеніміз – туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасынан негізделуі деген анықтама береді. Б.Қасым күрделі сөздердің уәждемесін, Р.Абақова фразеологизмдердегі уәжділікті түсіндірген.
  • Туынды сөздің (күрделі сөздің) уәждемесін зерттеу үш тұрғыда қарастырылады: Біріншіден, шындық, болмыстың бейнесі. Таңба↔ шындық болмыс→ семиотика, бұл жайында мына тұжырым негізге алынады: аталым әрекеті - шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тілдік таңба арқылы белгілеу. Сол таңба негізінде белгілі бір үғым пайда болады. Екіншіден, мағына↔тұрпат→лексикалық уәждену қалыптасады: көртышқан, сарымай, қарамай (смола), тасбақа, айбалта, асқазан т.б. Үшіншіден, таңба↔таңба→ сөзжасамдық уәждену, яғни оны тілдік құрылымға келтіру яғни шындық болмысты ұғым, түсінікпен сәйкестендіріп үлгілеу арқылы атау беру жүзеге асады деп түсіндіреді Б.Қасым. Уәждену үрдісінде ат беретін нысанға мән беріліп, сол туралы уәждеуші пайымды қалыптастыру және тілдік құралдарды таңдау, соның негізіңде атауды жасау, ал атаудың мазмұнында бұрынғы пайым жатады. Аталатын нысанның белгісі тандалынып, ол белгі жаңа нысанды ерекшелейтін синат алады және жаңа атауды жасауды көзге түсетін таңбаланушыға жаңа мән беріліп, жаңа мазмұнға көшеді, сонда ғана жаңа лексема қалыптасады.
  • Сөзжасам семантикасы айнала қоршаған заттармен құбылыстардың ерекше белгілері мен қасиеттерін таңбалау үшін, халықтық таным негізінде тілдік тәжірибеде лебізде қалыптасады. Ұғымда танылған денотаттың белгісі мен қасиетін таңбалау үшін, туынды сөздер жасаудың қажеттілігі болады. Туынды сөздердің мағынасы сөзжасам семантикасы деп аталады. Кез келген туынды сөздің сөзжасамдық семантикасы сөзжасамдық тұлғалардың негізгі және ауыспалы семасы арқылы уәжделе келіп, өзіндік ерекше семаға ие болады. Сөзжасамдық тұлғалардың мағынасынан сол тұлғалар арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы ерекше болады. Сол себепті де екіншілік туынды мағына жасалады. Әйтсе де, сөзжасамдық тұлға мен сөзжасамдық мағына арасында ортақ сема мен өзек сема бірлігі, сабақтастығы сақталады.
  • Біріншілік номинация тек тарихи аспектіден сөздердің этимологиялық шығу төркінін зерттеу барысында айқындалатын атаулардың ең көне мағыналық сипаты ретінде танылады. Қазіргі қазақ тілінде атаудың біріншілік номинациясы бір буынды түбірлердің мағыналық құрамында ғана сирек кездеседі. Архи тұлғалардың көрінісі мен архисемасын терең тарихи зерттеулер нәтижесінде мөлшерлеп пайымдауға болады. Екіншілік номинация-әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалатын атау. Екіншілік номинация арқылы жасалған атаудың мағынасында өзін туғызуға себеп болған түбірдің не негіздің мағынасы белгілі дәрежеде сақталады, әрі оның жасалуындағы негізгі заңдылық атаудың өзін тудыруға себеп болып тұрған тұлғаның мағынасына негізделуі болып саналады. Бұл мағыналық уәжділік кейін өзге жаңа номинативті атауларға беріледі де, олар бір семантикалық өрісте жатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет