Сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен - В.Гумбольдт. Ғалым тіл біліміндегі лингвистикалық концепциялардың бірі таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады. Ғалым өз еңбектерінде тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі таңба десе, ал сөз жеке ұғымың таңбасы деген түйін жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөздермсн таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу үшін екі жақты бірлікте болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып қалыптасуына не себеп, негіз, уәж болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып, ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұндай белгілер көптеп кездеседі.
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген - Ф. де Соссюр. Ғалымның пайымдауынша, сөзді «таңба» деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі - бейне таңбалаушы, екіншісі - дыбыстық бейне таңбаланушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын атайды. Ғалымның пікіріне сүйенсек, соз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелсйтін дыбыстық жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұңдық құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы керек, сонымен бірге ол мағыналар бір - бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді. Сондықтан жоғарыда айтылған зерттеушілердің пікірін қолдай отырып, атау беруде немесе аталымжасамда, терминжасамда сол реалийдердің негізгі ұғымдық қасиеті мен қызметі еске алынғаны жөн деген пікірдеміз.