Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына әсер ететін факторлар. 1. Тұқым қуалаушылық.
2. Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
4. Тұлғаның іс-әрекеті Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:
― дене бітімінің ерекшеліктері;
― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
― қан тобы, резурс-фактор;
― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық
процестердің өту ерекшеліктері;
― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;
― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.
Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.