Тобы: бб-41 Орындаған: Заманбек Айсулу Тексерген


Сауатты жазуға үйрету әдістемесі



бет7/20
Дата07.01.2022
өлшемі118,61 Kb.
#18510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Математика пәні курстық жұмыс

1.2 Сауатты жазуға үйрету әдістемесі

Натурал сан қатарындағы тізбектес сандарды салыстыру ең алдымен жиындарды салыстыруға негізделіп орындалады және мұнда көрнекілікке сүйеніп, бірінші кезекте балаларға сол жақта бір және оң жақта бірүшбұрыштың суретін салып, сонан соң сол жаққа тағы да бір үшбұрыштыңсуретін салу ұсынылады. Суреттердің астына сәйкес цифрлар жазылады. Сонан кейін 2 саны 1 саннан артық, ал 1 саны 2 санынан кем екенін баяндайды.Сондай-ақ, екі бірден үлкен сан, ал бір екіден кіші сан екендігі айтылады. Балалар салыстырудағы (сандарды) мөлшерлік қатынастарды олардың реттік қатынастарымен байланыстыра отырып, ұғынады. Сонда сандардың кесіндісін оқып үйренгеннен кейін оқушылар мынадай қорытындыға келеді: әрбір келесі санның алдындағыдан біреуі артық, ал әрбір алдыңғы санның келесіден біреуі кем, сондықтан сандарды салыстыру олардың натурал қатарындағы орнын анықтауға келтіріледі де, 6 саны 5-тен үлкен, өйткені санағанда 6 саны 5-тенкейін аталады деген түсіндірмелерді басшылыққа алуға болады. Біріншіден, ондық сандарды оқып-үйренгенде, балалар сондай-ақ 0 санымен де танысады. Бастауыш курста 0 санына бос жиындар класының сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі. Математиканың бастауыш курсында 0 санын және цифрын енгізу сандар аймағын кеңейтіп, оқушыларды теріс емес бүтін сандарды игеруі үшін қажетті жағдай жасайды. Ең алдымен 0 -заттардың тобында ешқандай заттың жоқ екенін білдіреді, сонан кейін сызғыш бетінде өлшеу басын анықтайтын цифр ретінде қарастырылады. Әрі қарай 2-2, 3-3 түріндегі азайтуда енгізіледі. Мұнымыз осы санның мәнісін бос жиындар класының сандық сипаттамасы ретінде дұрыс талқылауымызға сәйкес. Балалар нәрселер санын, бірде-біреуі қалмағанша, бір-бірлеп кеміту арқылы анықтайтын жаттығулардың бірнешеуін орындайды, (бұтақтағы жапырақтар бірі қалмай түсіп қалады, ұядағы барлық құстар ұшып кетеді, оқушы дәптерлерді үлестіріп береді, т.с.с), сонда шыққан нәтиже 0 санын білдіретінін түсінеді және оны сәйкес 0 (нөл) цифрмен белгілейді: «1-ден 10-ға дейінгі сандар» такырыбын оқу кезінде оқушылар сандардың цифрлармен таңбаланатындығымен де танысады. Кейде цифрларды (1-9)пайдаланып, сәйкес санды көрсетіп береді, біртіндеп цифрлар арқылы кезкелген санды жазып көрсетуге болатындығын меңгереді. Цифрлар да санды жазу үшін қолданылатын ерекше математикалық таңбалар екеніне балалардың назарын аудару қажет. Бұл өте маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет