Сандар нумерациясы тақырыбына арналған сабақ жоспары
Бастауыш мектеп математикасындағы өзекті ұғымдардың бірі натурал сан болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымды «эквиваленттік жиындар класының сандық сипаттамасы» ретінде анықтауға болады. Сондай-ақ натурал сан ұғымы нәрселерді санаумен ғана шектелмейді де, шамаларды өлшеумен байланыстырылады. Ол реттелген жиын элементі немесе натурал тізбек мүшесі ретінде айқындала түседі. Натурал тізбек қасиеттерін қарастырумен байланысты натурал санның мөлшерлік мәні мен реттік мәні көрсетіледі. Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипатта – оларға қолданылатын объекті ретінде кездеседі. Сан өте ежелгі ұғымдардың бірі. Әртүрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілі ббір жүйелері пайда болған. Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін таңба (цифр) қолданылады. Осы цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар және олар бір таңбалы теріс емес, бүтін он санының атауларына сәйкес келеді. «Цифр» ұғымы сандарды жазу таңбасы ретінде енгізіледі. «Сан» мен «цифр» ұғымы әр түрлі ұғымдар. «Разряд», «Класс», «Разрядтар мен кластар, бірліктер», «Разрядтық сан» түсініктері біртіндеп енгізіледі және дами береді, бірте-бірте разрядтар мен кластар, олардың атауы, оған байланысты сандардың атауы, жазылуы, оқылуы, олардың ондық құрамы қарастырылады.
Бастауыш мектептерде сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету дайындық деп аталатын кезеңдегі оқушылардың игерген белгілі бір деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттарддың оннан аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың көмегімен санау, соның нәтижесінде «Берілген топта неше сан бар?», «Әр зат санағанда нешінші?» екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру. Онда алдымен оқушылардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда, балабақшада) алған әралуан мағлұматтарын жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен бастап-ақ әр оқушының математикалық дайындығының нақты деңгейін дәл анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Өкінішке орай, тәжірибеде, көбінесе мұғалім балалардың білім деңгейін тиянақты анықтап алмай, сондай-ақ оқушылардың қарапайым болсын білім біліктерінің болуы мүмкін екендігін ескермей, нақты мүмкіндіктер және жағдайлармен санаспай, математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда үстірттікке жол беру жиі кездеседі. Тіпті, кейде оқушыларға белгілі мәселелерді тәптіштей қарастырып, олардың қызығушылығын тежейді, сондай-ақ ешқандай дайындықсыз, күрделі мәселені оқытуға әзірлік жасамай, балаларға қосымша жүктеме де туғызып алады. Ал мектепке келген әр баланың математикалық дайындық деңгейін тексеріп, біліп жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұнын және сәйкес іс-әрекетінің түрін, оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға көмектеседі. Осыған орай мұғалім қандай ұрақтарды жалпы сыныппен тиянақты талдау керектігін, ал қандай мәселелерді жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды. Сонда ғана оқу процесі әр оқушының өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.
Натурал сан қатарындағы тізбектес сандарды салыстыру ең алдымен жиындарды салыстыруға негізделіп орындалады және мұнда көрнекілікке сүйеніп, бірінші кезекте балаларға сол жақта бір және оң жақта бір үшбұрыштың суретін салып, сонан соң сол жаққа тағы да бір үшбұрыштың суретін салу ұсынылады.
Пән: математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім: Сандар туралы ұғым
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Заманбек Айсулу
|
Сынып: 1А
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сандарды цифрлармен белгілеу. «8 саны және цифры»
|
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау
1.1.1.5 Сан түзуі туралы білу
|
Сабақ мақсаттары
|
100 ге дейін ауызша санауды, натурал сандар қатарында санның орнын анықтауды үйренеді
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар натурал сандар қатарында 8 санының орнын таба алады; 8 санын басқа сандармен салыстыра алады; 8 санының құрамын анықтай алады; 8 цифрын жаза алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |