Сандарды жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
2.1 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
«Он көлеміндегі сандар» тақырыбын оқытып-үйретудің ең басты міндеті— сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардыңатауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту,цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Сантиметрдің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеудің нәти жесі ретінде әр санды шығарып алудың мүмкіндігі қоса қарастырылады. Сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрету, дайындық деп аталатын кезеңдегі оқушылардың игерген белгілі бір деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың көмегімен санау. Соның нәтижесінде берілген топта неше сан бар? және әр зат санағанда нешінші екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын салыстыру жүргізіледі. Онда алдымен оқушылардың мектепке дейінгі тәрбиесінде (жанұяда және балабақшада) алған әр алуан мәліметтерін жинақтау, толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Мәселен:
• Сен санай білесің бе? (оқушылар өз білім деңгейлерін көрсетіп, сандарды ретімен атап шығады). Енді тақтаға қараңдар. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Балапандарды санаңдаршы, неше балапан бар? (оқушыларды тақтаға шақырып, әр балапанды көрсетіп санау керек). Бұл жерде біреуі 5, екіншісі 6, 7 деп шатасуы мүмкін, себебі сандарды атай білгенмен, затты санай білмейді. Сондықтан да оқушыларға қолдарымен ұстап бір жерден екінші жерге ауыстырып қою арқылы немесе доп қағу, шапалақтау, үстелдің үстінде қарындашпен дыбыстау, т.б. іс-әрекеттері арқылы санатып көреді.
• Балапандар бесеу. Ал Арманда 6 болды, неге?
• Арман бір балапанды екі рет санап жіберген.
• Темірланда 4, себебі ол бір балапанды санамай қалдырып кеткен.
• Балапан қанша болса, сонша дөңгелек алыңдар (оқушылар жеке кассалардан 5 дөңгелек көрсетулері керек).
• Неше дөңгелек алдыңдар? (5)
• Дөңгелектерді оңнан солға қарай санаңдар, солдан оңға қарай санаңдар.
• Санамай, бірнеше шаршы, үшбұрыш алыңдар. Қайсысы артық? Қайсысы кем?
• Санамай бірнеше дөңгелектің суретін сал, әрқайсысының астына бір шаршыдан сал. Қайсысы артық? Қайсысы кем?
Оқушылар бұл тапсырмаларды дұрыс орындаса, онда олардың дайындық деңгейінің ойдағыдай болғаны. Нәрселерді әр түрлі ретпен санай отырып, санау нәтижесі санаудың санаудың ретіне байланысты емес екендігін, яғни нәрселерді солдан оңға қарай және керісінше санаған кезде бір ғана сан шығатынын көрсетіп беруге болады. Сонымен бірге санағанда шығатын реттік сан есімдерді пайдалана білуге де балаларды үйрету керек (егер санағанда нәрсе жетінші болса, онда соңғы нәрсе жетінші болғаны, сонымен бірге жетінші бұл бір ғана нәрсе екенін оқушылар түсінулері қажет). Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады. Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін қарастыру барысында:
1. Кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады (дөңгелекті санау).
2. Санды шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алу (кесіндінің ұзындығын өлшеу).
3. а) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады (4+1=5, 5-1=4)
3. а) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады (4+1=5, 5-1=4)
б) Сандардың атауларын, таңбалануын игеру жүзеге асырылады: санды естиді, көреді, жазады.
в) Цифрларды жазу біліктерін қалыптастырылады: цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға басқалардың ішінен тани білуге үйрету
6. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.
6. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.
а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі сабақта оқытылады: қосылғыштың біреуі 1 болса, 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, (3=2+1, 4=3+1; ...; 10=9+1;)
қосу жағдайларындағы білім негізінде сандар құрамын оқып үйрену:
(3+2=5, 5=3+2; 6+3=9 9=6+3;)
ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар қолданылады.
7. «Бір таңбалы және екі таңбалы сан» ұғымдарын меңгеру.
7. «Бір таңбалы және екі таңбалы сан» ұғымдарын меңгеру.
а) 10 көлеміндегі барлық сандар оқытылғаннан кейін 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «сандар қатары» ұғымымен таныстырылады.
ә) Мұнда санды жазу үшін бір таңба (цифр) қолданылса, олар – бір таңбалы сандар.
б) 10 саны – екі таңбалы сан, өйткені оны жазу үшін екі таңба: 1 және 0 цифрлары қолданылады.
в) Тиянақтауға арналған жаттығулар беріледі.
Бұл тақырыпты оқытып-үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сан және цифр жайындағы түсініктерін қалыптастыру, сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Сонан сон екінші ондық және 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал; бөлу және көбейту енгізіледі. Сандар 1-2 сыныпта оқылады. 1-сыныпта толықондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға,салыстыруға үйренеді. «Толық ондықтар. Жүз» тақырыбының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: бірлікпен санау, бірге арттыру және кеміту, бір таңбалы натурал сандар қатары; сантиметр мен дециметрдің ара қатынасы және дециметрдің көмегімен ұзындықты өлшеу, ондықтармен санау және ондықтарды қосу және азайту, толық ондықтардың қатары; он және ондық, геометриялық фигураларды құрастыру және бөліктерге бөлу, көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу және олардың қабырғаларыныңұзындықтарын өлшеу, геометриялық фигуралардың қиылысуы;математикалық тапсырмалардың мәнді белгілері туралы мағлұмат;есеппен байланысты әр алуан бағыттағы шығармашылық, іс-әрекеттер (түрлендіру, құру, өзгерту және т.б.). Осы уақытқа дейін бір таңбалы сандар қатары түзіліп, әр санның сан қатарындағы орны анықталып, ең кіші және ең үлкен бір таңбалы сан тағайындалған болатын. Енді натурал сандар қатары туралы түсінік қалыптастырылады, яғни таяқшаларды санау барысында 1, 2..., 9 сандарын шығарып алып, олардың бір таңбалы натурал сандар деп аталатыны баяндалады. Ал тағы бір таяқша қоссаң, барлығы 10 таяқшаболады. Демек, натурал сандардың заттарды санауда қолданылатындығынанғартуға көңіл бөлінеді. Әрі қарай осы түсінік басқа сандардыңмысалында біртіндеп тиянақтала түседі. Таяқшаларды пайдаланубірлікпен санаудың мән-мағынасын ашады, яғни бір таяқшадан біртіндепқосу санды 1-ге арттыру, ал керісінше бір таяқшадан біртіндеп азайтусанды 1-те кеміту болып табылады. Әрі қарай бір таңбалы натурал сандартүсінігі тиянақтала түседі және калыптасады. Бір таңбалы натурал сандаркатары бір-бірімен және оның әрқайсысы нөлмен салыстырылады, сансызғышындағы нӛлдің орны 1 санының сол жағында болу тиістілігінегізделіп беріледі. 10 санын шығарып алудың әр түрлі жолдары бұрыннан белгілі. Ал 10 таяқшаны санап, олардан 1 бума жасау, ондық жайында түсінік береді,яғни 10 таяқшадан тұратын бума бір ондықтың баламасы болыптабылады. Осындай 2 бума алсаң, ол2 ондықты білдіреді т.с.с. Демек, бумаларды пайдалану арқылы толықондықтардың атауы енгізіледі, яғни 2 ондық-жиырма және т.с.с. Он санын жазып көрсету үшін екі цифр қажет. Осыған ұқсас кезкелген толық ондықты жазу сәйкес екі цифрды таңдап алумен байланысты, оның сол жақтан бастап санағандағы біріншісі нешеондықтың алынғандығын білдірсе, екіншісі - 0 цифры - толық ондыққұрамында жекелеген бірліктің болмайтынын аңғартады, яғни ондықтыбілдіретін бірліктерінің үстінде басқадай жекелеген бірліктіңболмайтынын көрсетеді. Мысалы: 2 онд.- жиырма санындағы 2 цифрыосы санда неше ондықтың бар екенін, яғни санның барлығы нешебірліктен құралғанын білдіреді, ал 2 ондықта барлығы жиырма бірлік бар,демек, оның үстінде ешқандай жекеленген бірліктің жоқ екенін 0 цифрыкөрсетеді, олай болса, жиырма саны 20 түрінде жазылады және т.с.с. Он көлеміндегі сандарды шығарып алуда жекелеген бірліктерді пайдаландық. Ал осындай 10 бірлік бір ондықты құрайды. Енді «санаудың бірлігі» ретінде ондықты қолданудың толық мүмкіндігі бар.Өйткені,толық ондықтарды санаудың ұқсастығына сүйене отырып, толықондықтардың атауларын және жазылуын енгізуге болады.Сонда бұрыннан белгілі білім пысықталады, қайталанады, тиянақталатүседі және қорытындыланады. Мәселен, «2 (екі) және 1 (бір) десек, онда3 (үш) шығады», ал осыған ұқсас «2 ондық (жиырма) және 1 ондық (он)десек, онда 3 ондық (отыз) шығады».Демек, үйреншікті білім біршама өзгерген жаңа жағдайда қолданылыпотыр. Ондықтарды қосу және азайтуды орындау ондықтармен санауғакелтірілетіндіктен, осы жағдайларда есептеулер жүргізу 10 көлеміндегікестелік косу мен азайтуға ұқсас орындалады, бұрынғы білім жаңажағдайда қолданылып, біршама қорытындыланады. Мысалы:30 + 40болғанда 3 онд. + 4 онд. деп қабылдаймыз.Ондықтардың атауларын игеру және оларды жазуға машықтандыру,сандардың аталуын және жазылуын қарастыру барысында оннан асырасанау, әрбір ондықты құру кезінде оның неше бірліктен құралатынын(мәселен 2 ондық, яғни 20 (жиырма), барлығы жиырма жеке бірліктен)ескеру, толық ондықтардың арасындағы сандарды атап шығу немесемәселен 30-ды шығарып алу үшін 2 ондыққа 1 ондықты, яғни 10 жеке бірлікті косу керектігіне назар аудару және т.б. бағыттардаұйымдастырылатын жұмыстар ондық санау жүйесінің ерекшелігінсипаттайтын білімнің құрамды бӛліктерімен алдын ала таныстырып,күнілгері дайындықты жүзеге асырады. Сондай-ақ ондықтарды жазуілгеріде екі таңбалы сандарды жазуға үйретуге дайындық болыптабылады. Мұнда ылғи да сол жақтан бастап бірінші орынға нөлден өзгеше цифр жазылатыны, толық ондықтардың әрқайсысында бірінші -ондықтар цифры бойынша анықталатын бірліктерден басқадай жекелегенбірліктің болмайтыны және т.б. жайында қорытынды жасалады. Мұныңбәрі ондықтармен санауды, толық ондықтардың атаулары мен жазылуын,оларды қосу мен азайтуды еркін меңгеруге себепші болады және қолайлыжағдай туғызады. Толық ондықтардың қатары бір таңбалы натурал сандар қатарынаұқсас, осы екі қатардың ұқсастығы және айырмашылығы ажыратылады,ең кіші және ең үлкен толық ондықтар анықта лады, ондықтар өсу және кему ретімен орналастырылады, әр ондық көршілес ондықтармен салыстырылады, кез келген ондыққа 10-ды қосу және азайту арқылы келесі және алдыңғы ондықтар шығарылып алынады. Мұның бәрі толық ондықтардың қатары жайында түсінік қалыптастыруға себепші болады. Ондықтармен санауға мазмұндық тұрғыдан алғанда өте жақын мәселе - ұзындықты дециметрдің көмегімен өлшеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |