Конструктивті оқытуда оқушының ұстанымы
Репродуктивті білім үйренушілердің мұқтаждықтары мен мүдделерін ескермейді,олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Репродуктивті білімде білім алушылар оқу материалын дайын күйінде алып жаттанды түрде ғана қабылдайды. Жаңа материалдар бойынша іздену жұмыстары жүргізілмейді.
Конструктивті білім беруде оқу материалдары оқушылардың алдыңғы білімдеріне негізделе отырып,оларға әдетте тақырыптың аясында проблемалық жағдаяттар қоя отырып сыни ойлауын жетілдіруге негізделеді. Яғни оқушы оқу материалын дайын күйінде алмай оны түрлі проблемалық жағдайларды шешу арқылы түсініп меңгеретін болады .
Достарыңызбен бөлісу: |