Арнайы емес жаралы колит – тік және тоқ ішек кілегей қабығының жаралы деструкциялық зақымдануына және соның салдарынан ішектің стенозына, тесілуіне, қан кетуге, сепсиске т.б. себептерге алып келуі мүмкін созылмалы ауру.
Бұл ауру әдетте жас шақта, 20-40 жас аралығында пайда болады және әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі. Көбіне бүл ауруға дамыған елдердің қала тұрғындары, 100000 түрғынға шаққандағы кездесу жиілігі 30-270 шамасында. Темекі тартатын адамдардың арасында 2 есе сирек байқалған. Болжамдар бойынша никотин тоқішекке протекторлыұ әсер етеді. Таралуы жер бетінде бірдей емес, ең жиі шалдығатын Скандинавия, Солтүстік Америка, Канада, Израиль, тұрғындары. Таралу ерекшелігін этностық, генетикалық ықпалдармен байланыстырады.
Мальабсорбция синдромы - аш ішекте ас қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы. Ол диареямен, дене салмағының төмендеуімен және тамақтың жеке компоненттерінің тапшылығымен, жеке алғанда темірдің жетіспеуінен гипохромды анемия дамиды. Ас қорытылу процессі қуыстық және іргелік (мембраналық) фазалардан тұрады.
Мальабсорбция синдромы
Соқырішек ауруы
Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін.
Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.
Аурудың себептері:
Құрт тәрізді өскіннің (аппендикс) тамақ қалдықтарының, нәжіс тастарының тұрып қалуы
Аппендикстің қабырғасына шартты патогенді және ішек бактериялараның түсіп кетуі