Әлеумет қолдайтын, тиімді әрекеттерді жасау қажеттілігін қалыптастыру. Қажетті дағдылар мен іскерліктер, әрекеттерің формаларымен мен тікелей танысу оған деген ынтасының жеке бейімділігіне сай икемдеу арқылы қалыптастырылады. Сыныптан тыс жұмыста іскерлікті қалыптастыруға және қажет болса өз бетінше оны ұйымдастыруға шарттар құралады. Қазір қоғамға қайшы өмір сүретін (нашақорлық, маскүнемдік, қылмыс жасау) жасөспірімдер санының өсуіне байланысты әлеумет қолдайтын ісәрекеттерді жасауды қалыптастыру - өзекті мәселе.
Көзқарастың өнегелі, эмоциалды, жігерлі компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда өнегелі түсініктерді меңгеру арқылы мінез-құлықтың адамгершілік нормалары меңгеріледі. Эмоциялық өріс шығармашылық әрекеттерде эстетикалық ұсыну арқылы қалыптасады. Танымдылық ынтаны дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың осы түрі, оқу мен оқудан тыс жұмыстардың сабақтастығын бейнелейді. Себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтағы оқу-тәрбиелік жұмыспен байланысты, ең ақырында оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.Сыныптан тыс жұмыстардың аясында оқушылардың ынтасын тәрбиелеу, мына маңызды мінтеттерді – оқушылардың мамандықты таңдауына және оларды еңбекке дайындалуына шешуімен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушылардың кәсіби ынталарының пайда болуының негізгі көзі болып табылатыны белгілі, оларға арнайы білім, іскерлік, дағдыны жинауға, таңдап алған әрекет аумағында өз күшін тексеруге көмектеседі.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде балаларды бақылаусыз қалдырудан келетін зардаптың алдын алу үшін педагогикалық ұйымдастырылған ықпалдың уақытын ұзарту өте маңызды. Оқушылардың мінез-құлқымен олардың бос уақытын қалай өткізуінің арасында тәуелділік бар екені белгілі. Педагогикалық бақылаусыз қалған оқушылар көбінесе үйірмелерге қатыспайды, қоғамдық тапсырмалары жоқ, мектеп пен сынып өміріне қызықпайды.Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Информатика үлгерімі нашар оқушыларға орасан зор мүмкіндік береді.