- нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар;
- бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар;
- үстел үсті іскерлік ойындар. Тарихтан диспут – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына тарихтан өткен материалды қайталау мақсаты қойылады.
Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс жұмыстың жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік-эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар. Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағдарланады. Бұл қызмет өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік береді.