Тобы Сыныптан тыс жұмыстар тиімділігі



бет6/10
Дата14.06.2022
өлшемі6,57 Mb.
#36860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сыныптан тыс жұмыс т.

Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік-құндылықтық қатынас, бос уақыттық-сауықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану.

Ресейлік ғалым Л.П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн.

Ресейлік ғалым Л.П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн.

Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдерінде көптеген «интеграцияланған» мекемелер бар, олардың арасынан кең тарағаны – мектеп немесе лицейлерге негізделген түрі. Мысалы, Чехия мен Словакияда мектеп базасында пайда болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады. Мемлекеттік ағылшын мектептеріндегі маңызды сәт – аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік-мәдени қызметпен толықтыру болып отыр. Әлеуметтік-мәдени мекемелердің тұратын ортамен «бірігіп кету» процесі бір ғимаратта немесе қатар тұрған құрылыс кешенінде орналасқан балалар бірлестіктері санының өсуімен қатар жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған жекелеген мекемелер кең таралуда.


Түрі

Педагогикалық міндеттері

Дәріс
Демонстрация
(көрсету)

Білім алушылардың шығармашылық ойлау
қызметін белсендіру

Семинар
Дайындық
Жаттығу

Аналитикалық ойлауды қалыптастыру. Ұжымдық жұмысты дамыту шеберлігі.

Дискуссия
Экзерсис

Ақпаратпен алмасу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту және өз көзқарасын қорғау жолдары арқылы білімін кеңейту

Конференция
Байқау
Концерт
Көрме

Өз қызметінің нәтижесін ашық талқылау дағдылары арқылы дамыту

Саяхат

Ой-өрісті кеңейту және сезімдік қабылдауды байыту

Экспедиция
Туристік жорық

Таным, тәрбиелеу, сауықтырудың әр түрлі жоспардағы міндеттерін шешу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет