Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-Түрік университеті
БӨЖ
факультеті:әлеуметтік-гуманитарлық
Тобы:ТТА-311
Орындаған:КАУМБАЕВА НИЛУФАР
Қабылдаған:Қайнар Қалдыбай
Сана туралы түсінік
Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені.[1][2][3] Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.
Адам санасының болжалды бейнесі
Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады.
Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді.
Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады.[4] Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді.[4] Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады.[5] Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.
Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты.[6] Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб.
Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм).
Өте ежелгі жазылған болжамдардың кейбіреулері, мысалы, Зороастр, Будда, Платон, Аристотель және өзге де ежелгі Грек, үнді, кейінірек Шығыстық және ортағасыр Еуропа философтары ілімдерінде сананы көбінесе жан, немесе рухпен бірдей етіп сипаттап, өлімнен кейінгі өмірге де, космологиялық және табиғи тәртіпке де қатысты теориялармен байланыстырады.
Фрейд пен Джеймс секілді психологтар және Тьюринг секілді компьютер ғалымдары сана табиғаты туралы ықпалды теориялар жасады. Жасанды интеллект саласы бейбиологиялық зерде мүмкіндігін қарастырды. Жасанды интеллект саласы кибернетикамен және ақпарат теориясымен тығыз байланысы болды, ол бейбиологиялық машиналар арқылы ақпарат өңдеудің адам санасындағы феномендермен салыстырмасын және өзгешелігін түсінуге көмектеседі.[8] Сана кейде түйсіктік әсерлер мен менталды феномендер тосын өзгеріп тұратын сана ағыны ретінде де сипатталады.[9][10]
Сананың дамуы көбінесе сезім, түйсіну, ойлау, пайымдау, жады, сенім, аңсар, эмоция және мотивация секілді рухани феномендерде әйгіленетін қабілет ретінде түсініледі.[1][11] Сана, немесе діл әдетте денеге, материяға немесе затқа салыстырмалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың өзегі интуиция болып, оның ерекшелігі жаратылыстану ғылымдары материалдық ғаламды сипаттаған кезде анықтаған түрлі ерекшеліктерге үйлеспейді, немесе ондай ерекшелігі болмайды.[11] Дәстүрлі доминантты сбустанциалист көзқарас Рене Декартпен байланысты, ол бойынша сана дегеніміз тәуелсіз ойлау субстанциясы. Бірақ қазіргізаман философиясы сананы субстанция ретінде емес, адамдар мен жоғары деңгейлі жануарларға тән қасиеттер мен қабілеттер ретінде таниды.[11][12]
Сананың, немесе ділдің (mentality) нақты табиғаты жайында әртүрлі бәсекелес анықтамалар ұсынылған.
Таным негізіндегі анықтама, немесе Епистемологиялық анықтама - сананың сыртқы объекттің мидағы елесін ғана емес, субъектке тән түрлі ішкі көңіл күйлерді де танымдық қабылдау екендігі сынды ерекшелігіне назар аударады;[11][13][14]
Танымдық қабылдау "Тікелей", "Жекелік" және "Мүлтіксіз" деп сипатталады. "Тікелей қабылдау" сананың бейтұжырымдық тану екеніне қаратылады. Егер біреу ауырса, ол өзінің ауыру сезімін тікелей сезе алады, осы үшін ол дене мүшесіндегі өзгерістерден тұжырымдап шығарып жүрмейді.[11] Дегенмен адам сезіну арқылы ағаш, немесе мысық секілді сыртқы объектілер туралы да бейтұжырымдық білім қалыптастыра алады, ол ағашты, не мысықты бірден көреді, ешқашан оны көруін тұжырымдап шығармайды, демек бұл критерийді тәптіштеп қарау керек. Сананың түрлі әлеуметтік сыртқы фактілерден тағы бір маңызды айырмашылығы, оның "Жекелік қабылдау" болуы.[11][14] Мысалы, құлаған ғаш адамның аяғын жаншып кетсе, жәбірленушінің ауырсынуы екінші бір адам үшін мүлде жабық жеке өзілік сезім ғана болады, ауырсынуды ол тек өзі ғана сезіне алады, ал оның қасындағы адамның оны аңғаруы тек жәбірленушінің айғайлауы, түрінің бұзылуы секілді қиналған көріністерден тұжырымдап шығару ғана болады, бірақ ол ешқашан жаны қиналушының тегі қалай қиналғанын тіке сезе алмайды. Дәстүрлі таным бойынша, бізде өз психикалық күйлеріміз туралы "мүлтіксіз білу" бар, яғни олар еш қатесіз, қалай болса дәл солай білінеді.[11] Мысалы, біреудің алақаны қышыса, ол бұл сезімнің шынымен болып жатқаны туралы қателесуі мүмкін емес деген сөз. Адам әдетте тек менталсыз себептер туралы қателесуі мүмкін, мысалы, бұл қышу жәндіктің шағуынан ба, әлде инфекциядан ба, әлде басқа себебі бар ма, зерттеуіне тура келеді. Дегенмен, Мүлтіксіздік туралы мәлімдемелерге әртүрлі қарсы мысалдар да ұсынылды, сондықтан бұл критерий қазіргі заманғы философияда толық қабылданбайды. Эпистемологиялық анықтама, немесе танымдық анықтама негізінен саналы күйлерге көбірек назар аударады, бірақ бейсаналық күйлерді жоққа шығарады. Мысалы репрессияланған аңсарды танымдық тұрғыдан анықтау өте қиын.[11][12]
Зерде (Consciousness) негізіндегі анықтама - зерденің саналы сипатына айырықша назар аударып, бейсана феноменін де зерденің бір белгісі ретінде қарастырады;
Интенционалдық анықтама бойынша, объекітке қатыстылық және заттар мен құбылыстарды бейнелеу қуаты менталдылық белгісі болып табылады.
Бихевиоризм анықтамасы бойынша, субъектте сананың бар-жоғы оның сыртқы ынталандыруға жауап ретінде қандай қылық жасайтынына байланысты болады;
Ал функционализм анықтамасы менталды күйлерді олардың себептік рөлі мен әсері тұрғысынан анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |