2.1. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын және ішек аурулары.
А) тарылу және бітелу, ішектің бітелуі және дивертикульдар мен эктазиялар.
Тарылу және бітелу. Көбінесе ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште, қосалқы қарында байқалады. Мүшенің тарылуы мен бітелуі толық та, жарым-жартылайда болады, өз бетіншеде және басқа бір сырқаттың саолдарынан екінші кезекті де туындайды.
Этиологиясы. Көбінесе ірі қара малдың өңеш тамыр жемісі мен (сәбіз, қызылша, картофель) бітеледі. Кейде, күйіс малдары ккекіргенде мес қарыннан ірі алшықты азық кезегі немесе канкремент өңешке өтіп, оны бітеп тастайды. Қатпаршақ қарын ірі талшықты азықтың қатты бөлшектерімен, құммен толып, бітеледі. Мүшелердің бүлінуі, жиырылуға қабілеттілігі, қоректің заттың іркілуі және бітелуі кейде азықтандыру талаптарынан бұзылуынан, уланудан туындаған осы мүшелердің гипотониясынан, салдануынан немесе жартылай салдануынан болады.
Дерттену. Ішек қарын ішіндегі қоректік заттың жылжуының баяулап немесе тоқтап қалып, іріп шіріп, газдардың, улы заттардың пайда болуы аталған мүшелердің газ есебінен қампаюына, іштің кебуіне, организімнің улануына әкеледі, жүрек салданып не мал тұншығып өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |