Б) мес қарынның газбен жіті кернелуі, қарынның жіті кернелуі, химостаз және капростаз, қарынның бұралуы және қарынның жыртылуы.
Мес қарынның газбен жіті кернелуі-мес қарыннң газға толып кернелуі беде, жоңышқа, шіріген картоп сияқты тез бөртетін азықтарды мол жеуден, жауын-шашынан кейін шық басқан көк шөпті отаудан болады. Сырқат өңештің бітелуіне және улы шөптерді жеуге де байланысты туындайды.
Дерттену. Газбен кернеліп, көлемі ұлғайған мес қарын ішектің артқа қарай ысырады, диафрагманы ілгері көкірек қуысына қарай шартитады, құрсақ қуысы мүшелері және тамырларын жаншиді. Нәтижесінде тыныс алу мен қанның айналуы нашарлап, мал тұншығып өледі.
Потологиялық анатомиясы. Аурудан өлген күйіс малын сойып зерттегенде құрсақ қуысының тым қампиып кеткені, бас аумағындағы кілегейлі қабықтардың көгергені, мойындағы веналарды, қаңқа бұлшық еттері мен тері шелісіндегі тамырларды кернеген қара-қызыл түсті қанның ұйымағаны көңіл аударады. Қампиған емес қарынның тым керілген, бозарыңқы қабырғасы тілгенде шуылдап газ шығарады. Мүшенің ішінде өте мол, қоймалжың, газ араласып көпіршіктенген, бөрткен азық болады. Мес қарынмен жаншылып, қаны азайған бауырдың түсі ақшыл-сұр немесе сұрғылт-қоңыр тартады. Бүйректе, талақта, ішекте, ұлтабарда қан мол болуы мүмкін.
Қанның молайған өкпе домбығуға ұшырап, бронхыларда, кеңірдекте көпіршіктенген сұйық жиналады. Жүрек тұншығуға тән жай күйде болады: кеңейген оң жақ қарынша мен жүрекшеде ұйымаған қара-қызыл түсті қанның аздаған борпылдақ ұйысы болады. Эпикардта, қан тамырларының бойында, өкпеде, дененің алдыңғы жағындағы лимфалық түйіндерде, көкірек қуысының бет пердесінде қанталаулар байқалады. Мидың заты мен қабықтары тамырларын қан кернейді, қарыншаларда өте мол сұйық жиналады. Кейде мес қарын жыртылып кетеді. диягфрагманың да жыртылуы мүмкін.
Ауруға диягногз алдын ала деректерді және потологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып қойылады. Ауруды дистрофиялық және қабыну процестерімен, оларға қосарланған тимпаниямен сипатталатын шөппен уланудан ажырату қажет. Өңеш пен қатпаршақ қарын бітелгенде де мес қарын тимпанияға ұшырайды. Жылдың жылы айларында мес қарынның газбен қампаюы өлеселік процесс ретінде де байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |