Қарынның жыртылуы. Қарынның ешқандай өзгерістерге ұшырамай-ақ та, дистрофиялық, қабыну процестеріне ұшырап барып та жартылады. Мүшенің қабырғасы түгел жыртылуы мүмкін. Кілегейлі қабық кейде жыртылмайды да, жыртылған екі сыртқы қабаттағы тесік арқылы томпайып шығып тұрады. Қарын қабырғасы көбінесе үлкен иінді бойлай жыртылады. Жыртықтың ұзындығы 30-40см дейін жетеді. Әуелі ылғалды қабық, сосын ет қабаты, одан әрі кілегейлі қабық жыртылады. Қоректік затпен ластанған, қанмен кеуленген жыртықтың жиегі тегіс емес, шашақты болады. Өлексе тез және өте күшті күмпиеді. Құрсақ қабырғасы жыртылып, қоректік зат тері астына өтуі мүмкін. Құрсақ қуысында лайланған, қоректік зат араласқан қызғылт сұйық болады. Қарынның жыртылуы өлекселік процесс болуы мүмкін. Мұндай жыртылудың жиектері тегіс болады және қанталамайды.