Тобы: вм-503 Тексерген: Ахметжанов О. Н. Семей – 2018 жыл Жоспар



бет4/12
Дата07.01.2022
өлшемі194,17 Kb.
#18270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ішектің бітелуі. Құрсақ тұсындағы кенеттен пайда болған шаншумен білінетін, малдың барлық түрі шалдығатын, дегенмен жылқыда жиірек кездесетін дерт. Туындау себептеріне қарай динамикалық және тромбоэмболиялық бітелуі деп жіктеледі.

Динамикалық бітелу. Ішектің белгілі бір жерінде қуытың тарылып немесе тығындалып, ішіндегінің жылжымай, оның сыртқа шығарылмауы. Кедергінің сипатына қарай , ол тығындалып бітелу, сығылысып бітелу және аралас бітелу деп үшке бөлінеді. Тығындалып бітелу-ішек қуысының белгілі бір телімде тығындалуына немесе тарылуына байланысты туындайды. Оған шажырқайдың керілуі немесе жаншылу қосарланбайды. Ішек нәжіспен, конкременттерімен, бөгде денелермен, ісікпен немесе гельминттермен, ішек қабырғасындағы гематомамен, т.б. біеледі. Қысылып бітелу-ішектің түйілуінен, өз өсін айнала жылжып кетуінен, ішек ілмегінің, шажырқайдың қысыла буылуынан, олардың тамырлары мен жүйкесінің жаншылуынан, ісік бауымен құндақталуынан, т.б болады.

Ішектің ұйысэмболиялық бітелуі-мүшенің қан тамырлары алыстан қанға ілесіп келген эмболмен немесе шажырқайлық алдыңғы артериядағы гельминттер әрекетінен болған ұйыстан үзілген эмболмен тығындалуына байланысты туындайды. Бұл бітелудің ерекшелігі ішектің қуысы бос болады да, оның қабырғасы мен шажырқайы жаншылмайды.



Потологиялық морфологиясы. Ішек бітелудің барлық түрлеріне зақымданған мүшелердегі ерекше өзгерістер және жалпы сипаттағы өзгерістер тән: көптеген мүшелерде қан айналысы бұзылады, паренхималық мүшелер бүлінуі процестеріне ұшырайды, мида веналық қан молаяды, қанның ұюы нашарлайды, жүрек қуыстарын борпылдақ қан кернейді, ішектің зақымданған ілмектерінің және құрсақ қуысын астарлаған бет перде де, сонымен қатар, басқа да мүшелерде қанталаулар пайда болады, өкпеде веналық қан молайып, домбығу, альвеолалық және интерстицийлік эмфизема туындайды.



Дивертикульдар мен эктазиялар. Түтікті мүше қуысының біркелкі емес жергілікті кеңейіп, қабырғасының бір жақты томпаюын дивертикул дейді. Көбінесе өңеш пен ішектің зақымдаитын бұл сырқат, туындау механизіне қарай пульістік және тракциялық дивертикульдар деп бөлінеді. Пульстік дивертикульдар-көбінесе көбінесе түтікті мүше қабырғасы ет қабатының зақымдалуына немесе қоректік заттың жылжу жолында кедергілердің пайда болуына байланысты туындайды. Тракциялық дивертикульдар-түтікті мүшенің зақымдалған көршілес мүшеге беку нәтижесінде туындайды. Мысалы өңеш қабынған лимфалық түйінмен, іріңді ұрамен немесе ісікпен тұтасады. Функциялық әрекет кезінде мұндай мүшенің қабырғасы сыртқа тартылып, бір жақты томпайып, қуыстың кеңеюіне әкеледі.



Мүше түтігінің ұзына бойына, қабырға шеңберіне тұтас қамти қапшыққа ұқсай кеңеюін эктазия дейді. Жемсауы жоқ үйрек-қазда байқалатын сырқат. Әдетте мұше түтігінің кеңеюінен бұрын осы мүшенің ет қабаты қалыңдайды. Бқл теңгеру процесі сырқатқа ұшыраған мүшенің әлсіреген функциясын қалыпты деңгейде ұстауға бағытталған қарқынды жұмыстың нәтижесінде туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет