№11-12 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жуғыш-зарарсыздандырғыш және зарарсыздандырғыш ерітінділердің
уыттылық қасиетін анықтау
Сабақтың мақсаты: Жуғыш-зарарсыздандырғыш және зарарсыздандырғыш
ерітінділерді ақ тышқандарға ауыз
арқылы асқазанға енгізе отырып, олардың жіті және
созылмалы уытты әсерін және жергілікті тітіркендіргіш әсерін зерттеу әдістерін меңгеру.
Қолданылатын құралдар мен материалдар: әртүрлі пайыздағы жуғыш-
зарарсыздандырғыш ерітінділер, дене салмағы 18-25 гр.
ақ тышқандар, басы доғал ине,
шприц, резеңке қолғап.
Сабақтың
мазмұны
және
орындалу
тәртібі:
Жуғыш-
зарарсыздандырғышерітінділерге қойылатын талаптардың бірі оның уыттылық
қауіпсіздігі болып табылады. Жуғыш-зарарсыздандырғыш препараттардың жіті және
созылмалы уыттылық әсерін препаратты тікелей асказанға енгізу арқылы тексереміз.
Жуғыш- зарарсыздандырғыш ерітінділерді асқазанға
тікелей енгізгенде олар
уыттылығы бойынша 4 топқа бөлінеді:
- әсері аса күшті уытты заттар -ЛД
50
50мг/кг дейін;
- уыттылығы жоғары заттар – ЛД
50
50-200 мг/кг;
- уыттылығы орташа заттар- ЛД
50
200-1000 мг/кг;
- уыттылығы аз заттар- ЛД
50
1000мг/кг.
Дезинфекциялық ерітіндінің жіті уыттылығын лабораториялық
жануарларды өсіру
және азықтандыру нормаларына сәйкес виварийде өсірілетін, дене массасы 18-25 грамм
ақ тышқандарда және дене массасы 150-200 грамм ақ егеуқұйрықтарда анықтайды.
Таңдап алынған жануарларды зерттеу алдында 4 сағат бойы аш ұстап тұру қажет.
Жуғыш- зарарсыздандырғыш ерітіндіні әртүрлі пайызда лабораториялық жануарлардың
асқазанына басы доғалданып келген арнайы иненің көмегімен енгіземіз.Титрленген
дозаларды ауыз арқылы, ақ тышқандарға 0,5 мл, ал ақ егеуқұйрықтарға 5 мл мөлшерінде
енгіземіз. Жуғыш-зарарсыздандырғыш ерітіндінің жіті уыттылығын ЛД
50
көрсеткіші
бойынша анықтаймыз. Уланудың клиникалық белгілерінің сипаты мен айқындылығы,
көріну
жылдамдығы мен регрессиясы, летальдылығы тіркеліп отырды.Клиникалық
бақылай отырып, уланудың алғашқы белгілері пайда болған уақытты белгілейміз. Жуғыш
зарарсыздандырғыш ерітіндіні жануарлар организміне енгізеннен пайда болған улану
белгілері: жалпы мазасыздану, қозғалыс координациясының бұзылуы, кейіннен күйзеліске
ауысып, қозғалысы азаяды, соңы өліммен аяқталады.
Жергілікті тітіркендіргіш әсерін екі әдіспен тексереді:
-Зерттелінетін препараттың ерітіндісін қоянның (8-9см), теңіз шошқаларының (4-
5см) қырқылған құрсақ қуысына енгізе отырып;
-Зерттелінетін ерітіндіні көздің кілегейлі қабығына енгізе отырып тексереді.
Препаратты бір рет бір көздің кілегейлі қабығына, 1-2
тамшы мөлшерінде тамызып,
екінші көзін бақылау ретінде қалдыру қажет. Өзгерулерді бірден әсер еткеннен кейін, бір
сағаттан кейін және күнде реакция жойылғанша тіркеп отырады. Сандық бағасын А.Майд
жүйесі бойынша келтіреді. (кесте 1).
Зақымданулардың айқын көрінісінде балдардың қосындысы 10-ға тең.
Кесте 1 - А.Майд жүйесі бойынша қоян көзінің кілегейлі қабығына ерітіндінің
зақымдану әсерін бағалау.
Көрсеткіштері
Көздің реакциясы
Балл
Көз конъюнктивасы және
қасаң қабық
-Тамырлары қызарған
1
-Жеке тамырларын
ажырату қиын
2
-Диффузды терең қызару
3
Қабықтың ісінуі
-Әлсіз ісіну
1
-Қабақтың жартылай қайырылуымен айқын ісік
2
-Нәтижесінде көз жартылай жабылған
3
Бөліндер
-Көздің бұрышындағы минималды мөлшері
1
-Бөлінділердің
мөлшері
қабақ
пен
айналасындағы теріні ылғалдандырады.
3
Зерттеліп отырған препараттың уытты әсерін тексеру барысында алынған нәтижелер
бойынша қорытынды жазу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: