Зерттеуге жуғыш және жуғыш зарарсыздандырғыш ерітінділердің жұмысшы
ерітінділері қолданылады.
Зерттеу жуғыш және жуғыш зарарсыздандырғыш жұмысшы ерітінділердің комплекс
түзу
қабілетін сандық анықтауға , яғни табиғи су көзінен алынған
кермектілігі белгілі
суды, қара эрихром индикаторының қатысуымен, титрлеу арқылы анықтауға негізделген.
Жұмыстың соңғы нәтижесі кермекті судың 1литр ерітіндіде байланыстыра алатын
миллиграм эквивалентімен сипатталады.
Ең алдымен судың
жалпы кермектілігін анықтап, оны зерттелінетін судың титранты
ретінде пайдаланады. Ол үшін 100 мл зерттелінетін суды алып үстіне 5 мл аммиакты-
буферлі ерітіндіні қосып, 6-7 тамшы қара эрихром индикаторының ерітіндісін тамызамыз
да, 0,1 н трилон Б ерітіндісімен титрлейміз.
Зерттелінетін судың жалпы кермектілігін мына формуламен есептейміз:
С = V
1
· s · 100
V
Мұндағы:
С – зерттелінетін судың жалпы
кермектілігі, мг · экв/л;
V
1
– титрлеуге кеткен трилон Б ерітіндісінің мөлшері, мл;
V - зерттелінетін судың мөлшері, мл;
S – трилон Б ерітіндісінің нормальдығы.
Зерттелінетін зарарсыздандырғыш ерітіндінің кермекті суға тұрақтылығын
анықтау. Ол үшін дистилденген суда зарарсыздандырғыш ерітіндіні жұмысқа пайдалануға
қажетті концентрацияда дайындап аламыз. Колбаға дайындалған ерітіндіден 10 мл
құйып, үстіне индикатордың 2-3 тамшысын тамызамыз. Ерітіндіні кермектілігі белгілі
сумен араластыра отырып титрлейміз. Колбадағы ерітінді көк түстен қызғылт түске
қайтадан айналуы жуғыш ерітінді кешенінің кермекті су тұздарымен қаныққандығын
көрсетеді.
Зерттелінетін ерітінділердің кермекті су тұздарына тұрақтылығын мына
формуламен есептейміз:
Т = V
1
· Э · 100
V
Мұндағы:
Т – зерттелінетін зарарсыздандырғыш ерітіндінің кермекті
су тұздарына тұрақтылығы, мг
· экв/л;
V
1
– титрлеуге кеткен кермектілігі белгілі судың мөлшері, мл;
V - зерттелінетін ерітіндінің мөлшері, мл;
Э – зерттелінетін ерітіндіні титрлеуге қолданылатын судың 1 мл-дегі кермектілік
тұздарының мөлшері, мг · экв.
0-4 мг · экв/л
жұмсақ су;
4-8 мг · экв/л кермектілігі орташа су;
8-12 мг · экв/л кермекті су;
12 мг · экв/л жоғары өте кермекті су.
Достарыңызбен бөлісу: