«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет40/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
Сабақтың мақсаты:Беткейлі-белсенді заттардың техникалық сипаттамаларымен 
танысу 
Керекті құрал – жабдықтар:Әртүрлі беткейлі-белсенді заттар. 
Беткейлі-белсенді заттар (ББЗ) немесе детергенттер (Detergeo – лат. тазартамын) – 
молекулалары гидрофильді және гидрофобты екі бөліктен тұратын органикалық 
қосылыстар. 
ББЗ-дың молекуласы – ұзын шынжыр тәрізді, ол көптеген сутегі және көміртегі 
атомдарынан тұрады. Мұндай шынжырдың ұштарының құрылымы әртүрлі болады, 
олардың біреуі сумен жақсы байланысады, ал екіншісі сумен әрекеттеспейді. 
Диссоциациялық сипатына қарай барлық ББЗ 4 топқа бөлінеді: 
1) 
анионды ББЗ, ерітіндіде функционалды топтары теріс зарядталған иондар 
түзеді.
2) 
катионды ББЗ, функционалды топтары оң зарядталған иондар түзеді.
3) 
ионсыз ББЗ, сулы ерітіндіде ешқандай ион түзбейді. 
4) 
амфолитті ББЗ, түрлі жағдайларға байланысты сулы ертінділерде не анион, не 
катион түзеді. 
Өнідірісте шығатын ББЗ биологиялық ыдырау деңгейіне байланысты 3 топқа 
бөлінеді. 
- биологиялық ыдырауы жақсы (биологиялық ыдырайтын заттың мөлшері 85%-дан 
кейін емес) 
- биологиялық ыдырауы орташа (биологиялық ыдырайтын заттың мөлшері 70-85%) 
- биологиялық ыдырауы нашар (биологиялық ыдырайтын заттың мөлшері 70%-дан 
төмен) 
ББЗ заттардың жуғыштық қасиетіолардың молекула құрамындағы гидрофильді 
бөліктің арақатынасына байланысты болады. Детергенттердің беткейлік белсенділігі 
молекуласындағы гидрофильді топтардың неғұрлым аз және керісінше гидрофобты 
немесе көмірсутекті радикалдардың көп болуына байланысты болады. Ал гидрофильді 
топтардың көп болуы детергенттердің суда жақсы еруіне ықпал етеді. 
ББЗ жуғыш ертінді мен ластауыш арасындағы беткейлік керілуді төмендетіп, 
өңделетін беткей мен ластауышты толық ылғалдандырады. Ылғалдандырғыштық қасиеті 
артқан сайын ББЗ ертінділері ластауыштарға еніп, оларды жібітеді. Сол арқылы ластауыш 
пен өңделетін беткей арасындағы байланысты бұзып, ластауыштың босап шығуын 
қамтамасыз етеді. 
ББЗ-ң бактерицидтік және бактериостатикалық қасиеттерін ескере отырып, соңғы 
кезде оларды қосу арқылы дезинфекциялық препараттардың белсенділігін арттыру қолға 
алынған. ББЗ өңделетін беткейде адсробциялық пленка түзіп, микроорганизмдердің 
липидопротеидті қабықшасын ерітуге немесе жібітуге себебін тигізеді, сол арқылы 
дезинфекциялық заттың бактерия клеткасына оңай енуіне жол ашады. 
Дезинфекциялық препараттар дайындауда катионды ББЗ ішінде төрттік аммонийлі 
қосылыстар, аниондылардан сульфанол жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет