12 – ДӘРІС Тігін жабдығының классификациясы Машиналардың негізгі топтары және оларды қолдану Трикотаж бұйымдарын тігу үшін келесі машиналарды қолданылады: шеттен торлау, сырып тігу, екі жіпті тізбекті инешаншымды, қайық инешаншымды, кеттельді және жазық тігісті.
97А кл. өндіріс тігін машинасы мақта, жібек, жүн, зығыр маталарды бір сызықты екі жіпті қайық тігімімен тігуге арналған. 97А кл. өндіріс тігін машинасы 97 кл. машинаның негізінде құрастырылған және соның орнына қолданылады. Бұл машинаның 97 кл. машинадан айырмашылығы мата жылжытқыш механизмі неғұрлым жетілдірген және мұнда еріксіз автоматтандырылған майлауды қолданылады.
Тігін машинасы мынадай негізгі органдардан тұрады: ине механизмі, қайық, табан, айналмалы жіпжүргізгіш, рейка тәрізді мата жылжытқыш. Машина әмбебап тобына жатады, майлауы автоматтандырылған.
897 кл. Жеңіл және синтетикалық сырғыш материалдарды сырып тігуге арналған. Сондықтан бұл машинада маталардың қабаты сырғып кетпес үшін екі жоғарғы және төменгі рейканы және қысқыш табанды пайдаланады. Екі рейка әр қайсысы бөлек реттеледі. Жіптартқыш механизмі шарнирлі-иінтіректі, оның көзі машинаның сол жақтағы тесігінен шығарылған.
1197 кл. Машина табиғи және синтетикалық талшықтардан алынған материалды сырып тігуге арналған. Машинадағы өзгерістер 397 М кл. және 697 кл. ұқсас болады.
1022 М кл. өндіріс тігін машинасы Машина костюмді немесе көйлек бұйымдарын табиғи және жасанды жіптерден тоқылған матадан, бір сызықты екі жіпті қайық инешаншымдармен тігуге арналған.
1022 М кл. өндіріс тігін машинасы 1022 кл. ОЗЛМ машинаның орнына шығарылады және одан айырмашылығы басты біліктен айналмалы қозғалысын таратқыш білікке тісті белдік арқылы береді; мата жылжытқыш механизмнің конструкцияся өзгертілген; бөлшектердің мөлшері кішкертілген.
Бұл машиналардың басты конструктивті айырмашылығы оның қалыптаушы (жиктеуш) рейкамен бірге жылжыйды және горизонтальді мата жылжытқыштың бұынымен кинематикалық байланысқан. Жылжымалы қалыптаушты (жіктеушті) пайдалану бөлшектерді әдіптеудің сапасын көбейтуге мүмкіндік берді.
1022 кл. машинаның негізінде 1822 кл шығарылады, бұл машина көйлек, костюм және пальтоларды әдіптеу кезінде әдіптеу тігімдерді алуға арналған. Олар ауыр пальтолы материалдарды, жадағай (плащ), костюмді, көйлекті, жейде және іш-киімдік материалдарды сырып тігуге арналған. Осы машиналар автоматты түрде өшіру үшін электр жетекпен жабдықталған.
Торлау машиналары 51 А кл. ПМЗ «оверлок» үш және екі жіпті торлау машинасы тұралы жалпы техникалық мәліметтер. 51А кл. торлау машинасын «Зингер» концерны (бұрынғы «Подольск» концерні) шығарады. Бұл машина пальто және костюм материалдар қиындысын торлауға арналған, 51 кл машинаның жетілдірген түрі айырмашылы 51Акл. машинасында тек бір негізгі рейкасы болады. Машинада ине механизмі, тербелмелі ілмектегіштер, рейка тәрізді дифференциалді мата жылжытқыш механизмі бар. Соңғы механизм екі рейкадан (алдыңғы және артқы) тұрады, және де алдыңғы рейканың горизонталді қозғалысы артқы рейкаға қарағанда артығырақ, соның нәтижесінде торлау кезінде матаның отыруы немесе созылуы жойылады. Пышақ механизмі қайшы принципімен жұмыс істейді.