Бақылау сұрақтары
1. Дайын іш киім бұйымдардың сапасына қандай талаптар қойылады?
2. Дайын сырт трикотаж бұйымдардың сапасына қандай талаптар қойылады?
3. Тігістің сапасына қандай талаптар қойылады?
4. Тігіс пен тігімдердің сырт көрінісіне қандай талаптар қойылады?
5. Бұйымдарды жасау ережесінде не қарастырылады?
Әдебиет тізімі
1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.:
Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
10– ДӘРІС
Тоқыма бұйымдарының тігу технологиялық процестерін жобалау
Тігу-трикотажды өндірісі – бұл трикотаж жаймадан іш–киім, сырт және биялай бұйымдарын пішіп-тігу операциялар жиынтығы.
Пішіп-тігу өндірісі технологиялық белгілері бойынша мынадай учаскелерге бөлінеді:
1. Жайманы пішуге дайындау бөлімі
Осы бөлімде келесі операциялар орындалады: жаймаларды, купондарды,бөлшектерді және қосалқы материалдарды қабаылдау; оларды іріктеп, тексеру; төсемге жаймаларды артикулы, ені, түсі бойынша жинақтау; төсемді негізгі және қосымша материалдарымен жинақтау; төсемнің немесе купонныі бұмасының жоғарғы қабатын борлау. Аталған жайға байланысты осы бөлімде жеткілікті аудан болу қажет. Бұл үшін жаймалар мен купондар сөрелерде сақталады. Мысалы, ШТМ, рашель, зырылдауық желіжіптік машиналар үшін – 170х125х125см, ЖТМ және купондар үшін – 100х100х80
Сөрелердің ауданы мына формуламен анықталады:
S=Q∙e∙V∕ q∙h∙k (м2),
мұнда:
Q – жайманың тәулік қажеттілігі,кг; e – жайманың қоры, 2-3күндік; V – жайманың көлемі, м3;
(трикотаждың түріне байланысты: тегіс иірмелі – 0,07 м3; желіжіптік – 0,05 м3)
q – ораманың орташа салмағы, 12-14кг; h – дайындау бөлімінің ауданын пайдалану коэффициенті, 0,45-0,5;
k – сөренің биіктігі, 1,5-2 м.
2. Пішу бөлімі
Пішу ендірісі тігін өндірісінің аса маңызды кезеңі болып саналады, онда белгілі сапада бұйым әзірлеудің
алғышарттары жасалады.
Пішу өндірісіне мынадай операциялар енеді: материалдарды жаю; борлап сызу; жайманы таңбалау; бұйым-бөліктерін пішу; пішім бөліктерін нөмірлеу және комплектілеу; түрлі түсті ретін керсететін талондар ілу; пішім байламаларын сақтау және тасымалдау; маршрут қағазын толтыру; товарлық және бақылау жазба қағаздарын толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |