Пішу учаскесі Пішу ендірісі тігін өндірісінің аса маңызды кезе-ңі болып саналады, онда белгілі сапада бұйым әзірлеу-дің алғышарттары жасалады.
Пішу өндірісіне мынадай операциялар енеді: мате-риалдарды жаю; борлап сызу; жайманы таңбалау; бұйым-бөліктерін пішу; пішім бөліктерін нөмірлеу және комплектілеу; түрлі түсті ретін керсететін талондар ілу; пішім байламаларын сақтау және тасымалдау; маршрут қағазын толтыру; товарлық және бақылау жазба қағаз-
дарын толтыру.
Материалдарды жаю. Жайма дегеніміз — бірінің үс-тіне бірі тәселіп жайылған, жан-жақтары теңестірілген кесуге арналған бірнеше қабат мата материалдар. Мата Мата материалдарын жаю өңі «төмен қаратылып» неме-се «беттестіріле» атқарылуы мүмкін. Мұның бірінші тәсілі іс жүзінде барлық материалдар үшін тақ немесе жұп сандарын ескермей-ақ қолданыла береді.
Жайманы таңбалау. Бұл учаскеде жайманы жайылманың ұзындығына сай етіп төсейді, яғни төсем жасайды (купондар мен бөлшектерді қабаттап жинайды), сонан соң пішеді де, алынған пішімдердің сапасын тексеріп жинақтайды. Осы атқаратын операцияларға байланысты бұл учаскеде төсейтін үстелдер, жайманы төсейтін машиналар мен жылжымалы немесе стационарлы пышақтар, пішімдерді тексеретін және жинақтайтын үстелдер мен жабдықтар болу қажет.
Пішу цехындағы жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы, еңбек өнімділігін ұлғайтуға, пішімнің сапасы мен жайманың өнімді пайдалануын қамтуға болады. Сондықтан пішу цехында жұмыстың бригадалы тәсілін, яғни пішім жинап алынбайтын процесін және жайманың пішуін қалдықсыз орындайтын қолданады.
Бақылау сұрақтары
1. Пішуге дайындау бөлімінің қызметі қандай?
2. Пішу процесінде тынығу операцияның қажеттілігінің мақсаты неде?
3. Төсемнің ұзындығы неге тәуелді?
4. Пішу учаскесінде қандай жабдықтар қолданылады?
5. Шикізат шығынын үнемдеу үшін пішу процесінде қандай операция өте маңызды?
Әдебиет тізімі 1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.:
Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.