Толық емес немесе жартылай қабылдау



бет4/7
Дата28.09.2022
өлшемі67,36 Kb.
#40590
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
пациентпен карым-катынас

Назар аударыңыз!
Емдеудің тиімділігін түсіндіру кезінде дауысыңызды көтеріп, арасында үзіліс жасап сөйлеңіз, интонацияңызды өзгертіңіз, сонда пациент ақпаратты жақсырақ қабылдайды
2-әдіс. Сендірудің рационалдық және вербальдық әдістері
Рационалдық әдіс кезінде әр кезеңде пациентпен белсенді қарым-қатынас орнатуға басты назар аударылады:

  • диагнозбен танысу кезінде;

  • жеке емдеу жоспарын құруда;

  • дәрілік заттарды таңдауда;

  • шығындар мен жазылып кету кепілдіктері туралы талқылауларда.

Пациентке әрбір тағайындау туралы 3 негізгі дәлел келтіру маңызды:

  • препарат оның нақты ауруын емдеуде тиімді;

  • емдеудің негізгі мақсаты – пациенттің жағдайын жақсарту;

  • сізде кез келген препараттың дозасын есептеу ережелері бойынша дәлелденген база бар.


Назар аударыңыз!
Дәрілік заттардың қымбат тұруы – пациенттің оны қабылдамауының жалпы себептерінің бірі
Сізбен келісетініне көз жеткізу үшін пациентке осы тармақтардың әрқайсына түсініктеме беруге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе, ол тағайындалған дәріні қабылдамауы да мүмкін.
Бұл жағдайда алдағы уақытта ауру асқынып кетсе, шығынның бұдан да көп болатыны туралы айтыңыз.
«Пациентке емдеудің тиімділігін түсіндіретін негізгі дәрігер сөзі» схемасы

Вербалдық әдісті қолдану үшін сізге көрнекі материал қажет болуы мүмкін: сызбалар, диаграммалар мен кестелер. Сол кезде пациенттер ақпаратты жақсы түсінеді және есте сақтайды.
Сондай-ақ пациентпен бірге оның әдеттегі өміріне жаңа емдеу режимін енгізуге көмектесетін лайфхактар жүйесін құруға тырысыңыз:

  • дәрінің қаптамасына жапсырма немесе қағаз жапсырыңыздар, онда пациент дәріні қабылдаған күні мен уақытын жазады, осылай оған дәрі қабылдау шарттарын есте сақтау және оны әдетке айналдыру оңайырақ болады;

  • препарат қабылдау дәстүрін (әрекеттер тізбегі) ойлап табыңыздар: таңғы астан бұрын дәрі ішу немесе оны күнделікті күн тәртібіне қосу: тіс тазалау, тамақтану немесе түнде кітап оқу;

  • дәрі қабылдауға арналған еске салғыштарды орнатып, мобильді қосымшаларды пайдаланыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет