Назар аударыңыз! Сіз бен пациенттің арасында ешқандай кедергі болмауы керек
Пациентпен сөйлескен кезде араларыңыздағы қашықтық 0,5-тен 1,5 метрге дейін болып, еркін әңгімелесуге ыңғайлы жағдай болса, жақсы болады.
Үстелдің бір жағында сіз, ал пациент 90 градус бұрышта орналасқан екінші жағында отырса жақсы болады.
Әңгімелесудің соңында пациент сіздің айтқаныңызды қалай түсінгенін және оны дұрыс түсінгеніңізді нақтылауды ұмытпаңыз. «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сұрақпен қорытындылай отырып, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз және пациенттің айтқанын қайталап айтыңыз. Бұл сонымен қатар пациент берген ақпаратты дұрыс әрі бұрмалаусыз алғаныңызға көз жеткізуге көмектеседі.
Назар аударыңыз! Зерттеулердің көбінің нәтижесіне сәйкес, пациент алған ақпараттың 60%-ын ғана түсінеді, ал 20%-ын есте сақтайды
4-әдіс. Пациенттің қарсылығымен және өтірігімен күресу Қарсылықтарды дұрыс шешу үшін сөздеріңіз дәлелді болуы керек, ол үшін рационалдық және эмоциялық дәлелдерді пайдаланыңыз.
Рационалдық дәлелдерге фактілер, цифрлар, сарапшылардың пікірлері, эмоциялық дәлелдерге мысалдар мен демонстрациялар, жеке тәжірибе жатады.
Назар аударыңыз! Сіздің дәлелдеріңіздің және қарсы уәж формуалсы мынандай: екі рационалдық, екеуі эмоциялық
Пациенттердің ең жиі кездесетін қарсылықтарын анықтау үшін өз тәжірибеңізге сүйеніңіз. Ең көп кездесетіндері – «дәрі тым көп», «дәрі арзан емес», «мен оны ұзақ уақыт қабылдауға қорқамын» және т.б.
Сонымен қатар алдын ала ойланып, мұндай жағдайларда қолдануға болатын кейбір рационалдық және эмоциялық дәлелдерді ертерек дайындаңыз.
Пациенттің өтірігін немесе жай ғана келісе салғанын байқау үшін оның сөздеріне назар аударыңыз. Әңгімеде мұны істеуге көмектесетін бірнеше нақты сөз бен мәліметтер болады.
Кесте Пациенттің өтірік айтып тұрғанын көрсететін сөйлеу ерекшеліктері