Жазықтықтардың қиылысу түзуін осі деп атайды x12 .
Бір жазықтықтағы сұлбаны алу үшін, П1 жазықтығын сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы П2 жазықтығымен x12 осінен айналдыра беттестіреді. Алынған кескінді эпюр деп атайды.
Екі жазықтықтың ортогональ жүйесіндегі нүкте.
Суретте нүктесі және оның ортогональ проекциялары А1 және А2 келтірілген. Сәйкесінше А1 А нүктесінің горизонталь проекциясы, А2 - фронталь проекциясы. Проекциялар барлық уақытта x12 осіне перпендикуляр, осьті Ах нүктесінде қиятын бір түзудің бойында жатады.
Кеңістіктің түрлі ширектерінде жататын нүктелер
Үш жазықтықтың ортогональ жүйесінде орналасқан нүкте
Шынайы өмірде П1 , П2 ден басқа қосымша П3 профильдік жазықтықты қолдану қаже.
Октант
I
II
III
IV
V
VI
VI I
VIII
x
+
+
+
+
-
-
-
-
y
+
-
-
+
+
-
-
+
z
+
+
-
-
+
+
-
-
Үш жазықтық кеңістікті 8 үщжақты бұрышқа бөледі, оларды октанттар деп атайды..
Эпюр алу үшін П1 және П3 жазықтықтарын П2 жазықтығымен беттестіреді.
Үш өлшемді кеңістікте нүктенің орнын x , y и z ( абсцисса, ордината және аппликат ) арқылы анықтайды.
Егер нүктенің сәйкес координаттары мәні тең болса, ондай координаттар бәсекелес деп аталады. Бәсекелес нүктелер бір проекцияланушы түзу бойында жатады. Суретте осындай 3 жұп нүутелер көрсетілген, мұндағы:
XА=XD;YА=YD;ZА < ZD;
XA=XC;ZA=ZC;YA < YC;
YA=YB;ZA=ZB;XA < XB;
Айырмашылықтары: горизонталь бәсекелес А және D нүктелері горизонталь проекцияланушы АD түзуінің бойында жатыр; фронталь бәсекелес А және С нүктелеріфронталь проекцияланушы АС түзуінің бойында жатыр; профиль бәсекелес А және В нүктелері профиль проекцияланушы АВ түзуінің бойында жатыр; .
Түзу сызықты графиктік жолмен сипаттау
Түзу сызықты графиктік жолмен сипаттау
Түзу сызықтың проекциялау жазықтықтарына қарағандағы орналасуы.